Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12859061
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3895
9603
37734
12623686
177514
375712
12859061

Сіздің IP: 18.117.196.184
Уақыт: 2024-04-25 20:07:31

«Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде»

«Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша директорлар,  директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар «Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша директорлар, директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар

27 қараша күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы негізінде «Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша директорлар, директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар өткізілді.

Семинардың пленарлық бөлімін Оқушылар сарайы әдістемелік бөлім меңгерушісі Мельник Людмила Владимировна ашты. «Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ, психология және педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ксембаева Сауле Камалиденовна, «Техникалық көрмелер – техникалық шығармашылықты және балалардың конструкторлық ой-әрекетін дамытудың ажырамас бөлігі ретінде» тақырыбында С.Торайғыров атындағы ПМУ, психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Тулекова Гульмира Мухамеджановна, «Сатпаев оқулары оқушылар мен олардың мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері ретінде» тақырыбында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Жалпытехникалық үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Вазиянов Евгений Владимирович баяндама жасады.

«Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша директорлар,  директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар «Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша директорлар, директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар

Пленарлық бөлімнен соң семинар қатысушылары 2 секцияға бөлінді. І секция жұмысының барысында «Жоба жасау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша Балалар шығармашылығы мен бос уақытын қамту орталығы, Кенжекөл ЖОМ педагог-ұйымдастырушысы Касенова Салтанат Сансызбаевна сөз сөйледі.

«Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби біліктіліктерін арттырудың басты факторы ретіндегі өз білімін жетілдіру жұмысының жүйесі» тақырыбы бойынша Шарбақты ауданы «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығының оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары, қосымша білім беру педагогі Омарова Айгүл Серікқызы және «Жазғы бенефис» жазғы кешенді бағдарламаның жобалық іс-әрекеті балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың әдісі ретінде» тақырыбы бойынша Шарбақты ауданы «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығының әдіскері Касенова Әсем Жұмабекқызы өз тәжірибесімен бөлісті.

«Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша директорлар,  директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар «Әдістемелік жұмыста инновациялық формалар мен әдістерді пайдалану – кәсіби құзыреттілікті арттырудың басты факторы ретінде» тақырыбы бойынша директорлар, директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинар

«Инновациялық жаңартулар айнасы» тақырыбында шебер-сыныбын М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының педагог-психологі Ашенова Бағлан Ердымбаевна өткізді.

«Связные истории! Единым фронтом за Человека Будущего» әлеуметтік-инновациялық жобасының тұсаукесерін М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы, «Деды-ветераны, внуки – следопыты» мұражайының жетекшісі Асеева Людмила Ивановна жасады.

ІІ секцияның жұмысы Балалар техникалық мектебінде өткізілді. Педагогтер кемеүлгілеу үйірмесінің жетекшісі Ильясов Руслан Борисовичтің «Қарапайым кеме үлгілерін дайындау технологиясы» шебер-сыныбына, авиаүлгілеу үйірмесінің жетекшісі Еременко Марк Петровичтің «Қарапайым ұшақтың үлгілерін дайындау технологиясы» шебер-сыныбына, әскери техника үйірмесінің жетекшісі Зозуля Олег Александрович «Қаңылтырды өңдеу технологиясы және осы материалдан үлгілерін жасау ерекшелігі» шебер-сыныбына қатысты.

Семинар соңынан қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Семинарға барлығы – 56 адам қатысты.

Павлодар қаласынан - 22, Ақсу қаласынан - 2, Екібастұз қаласынан – 2 адам. Ақтоғай ауданы - 2, Май ауданы - 2, Қашыр ауданы - 5, Ертіс ауданы - 4, Баянауыл ауданы - 2, Железин ауданы - 3, Павлодар ауданы - 3 адам, Успен ауданы – 6, Шарбақты ауданы – 3 адам.

Түсініктемелер қосу