Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратҚосымша ақпарат
Біздің қатысулар10863923
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2416 3249 69209 10571029 224572 141497 10863923 Сіздің IP: 3.237.31.191
Уақыт: 2023-09-28 20:28:01
|
Көркемдік бөлімі
Меңгерушісі: Калтаева Жанар Каирбековна
«Арман - шоу» театр-студиясы 2014 жыл «Арман-шоу» ұжымы 15 – жылдық мерей тойын қарсы алуда. Жетекшісі: Бекбулатова Алмагуль Слямовна Жетекшісі: Аскаусов Темирлан Куанышевич
«Вдохновение» үлгілі би ансамблі 1984 жылы Пионерлер мен оқушылар сарайында «Радуга» ән және би ансамблі өз жұмысын бастайды . Үлкен шығармашылық ұжымның құрамына 2 ұжым кіретін: хор және хореографиялық. Ұжым айтарлықтай танымал және көрермендер ілтипатына ие болатын, белсенді концерттік жұмыспен айналысты: республикалық және облыстық конкурстарға қатысты, түрлі концерттік алаңдарда өнер көрсетті. Ансамбльде өз ұжымдарымен 3 хореограф жұмыс істеді. Сөйтіп жиналған тәжірибе педагогтерді түрлі хореографиялық ұжымдар құруға ой салды. Әрқайсысы өзінше қызық әрі бір-бірінен ерекше болды. 1987 жылы «Вдохновение» атты бөлек би ансамблі құрылды. «Радуга» ән және би ансамблінен ерекшелігі жаңадан құрылған ұжым алдына мүлдем басқа міндеттер қойды: оқушыларға хореографиялық өнердің білім, білік және дағдыларының жүйесіне үйрету. 2000 жылы «Вдохновение» би ансамбліне үлгілі атағы берілді. Ұжымда өздерінің шығармашылық қабілетін іске асырғысы, хореографиялық өнердің қыр-сырын үйренгісі келетін балалар шұғылданады. Жыл бойы ансамбль тәрбиеленушілері қала, облыс және Оқушылар сарайының қызу қайнаған өміріне белсенді қатысады, ансамбль сабақтарында алған өздерінің білімін, би дағдыларын тиімді пайдаланады. Әбден шынықтырған концерттік және шығармашылық жұмыс олардың білім қорын, шығармашылық әлеуетін тәжірибеде толық түрде жүзеге асыруға көмектеседі. Жетекшісі: Лапухина Галина Александровна Аккомпониатор: Колмыкова Елена Николаевна
«Жас дәурен» вокал студиясы «Жас дәурен» студиясының ұжымы – достық, өзара көмек, тісінушілік және отбасылық жылы қарым-қатынас орнаған, біріккен тату ұжым. Жетекшісі: Ногаева Баршагуль Каирбаевна Аккомпониатор: Черникова Татьяна Владимировна
«Жас екпін» домбыра оркестрі «Жас екпін» домбыра оркестрі - мемлекеттік тілде авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін, қаланың балалар шығармашылық ұжымдарының бірі. Осы уақыт ішінде ұжым өсті, нығайды, қалаға және оның аумағындағы көпшілікке танымал болды. Оркестр құрамындағы 6-тен 17 жасқа дейінгі балалар мұнда кәсіби дағдылармен бірге қазақ халқының бай мұрасымен танысып, игереді. Оркестрге өз ісіне шын берілген, шебер ұстаздар: Кенжиханова Алтын Гафурқызы, Кенжеханов Мәди Батырханұлы, Райымбеков Қуаныш Егеубайұлы жетекшілік етеді. Олар балалардың жеке басының шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды туған өлкеге, Отанымызға деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерге баулиды, ең бастысы тәрбиеленушілердің болашақ мамандықтарына қызығушылығын қалыптастырады. «Жас екпін» оркестрінің көптеген түлектері: Аубәкіров Асхат, Ақаев Берік, Кенжеханов Мәди, Оразалина Сәуле Павлодар музыкалық колледжін бітіріп, мамандығы бойынша жұмыс істейтін кәсіби музыканттар болып отыр. Ал Кенжеханов Мәди өз ұжымына оралып, еңбек етуде. Оркестрдің шеберлігі жыл сайын өсуде. Бұған түрлі фестиваль мен конкурстардағы жеңістері, облыс және қаладағы абыройы айғақ. Жетекшісі: Кенжеханов Мади Батырханович
«Мұрагер» домбыра ұжымы «Мұрагер» домбыра ұжымында оқушыларға білім беру кәсіби деңгейде өткізіледі. Ұлттық аспапта ойнау кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері және эстетикалық талғамдары дамып, көркемдік ой-өрісі қалыптасады. Қазақ классикалық күйлерді ойнау кезінде оқушылар ұлттық құндылықтар мен ұлтық салт-дәстүрді қастерлейді. Ұжым педагогы Кенжиханова Алтын Гафуровна және аккомпаниатор Райымбеков Куаныш Егеубайұлы Оқушылар сарайында көп жылдардан бері жас домбырашыларға нотамен ойнау, домбырада ойнау техникасын шебер үйретеді. Сабақ үстінде әрбір балаға ерекше көңіл бөлініп, ұстазадар ұлттық аспапта ойнау шеберліктерін шыңдайды. Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Үйірмеге 5-12 жас аралығындағы балалар қатысады. Жетекшісі: Кенжиханова Алтын Гафуровна Аккомпониатор: Райымбеков Қуаныш Егеубаевич
«Блэйз» эстрадалық үлгілі би студиясы Оқушылар сарайында үлгілі эстрадалық би студиясы 1991 жылдан бастап құрылды. Осы уақыт ішінде ұжым өсті, бекіді, қала мен облысқа және одан тыс жерлерге кең танымал болды. Студия құрылғаннан бергі жылдарда өзінің белгілі бір дәстүрлері қалыптасты. Мұнда қатаң тәртіп, педагогтер мен балалар арасында өзара түсінушілік, тұрақты шығармашылық атмосфера орнаған. Бұл ұжымның барлық би композицииялары жарқындығы жігерлігі, өзгешелігі және ашық айқынды сюжеттілігімен ерекшеленеді . Олар театрландырылған , сонысымен көренмендерді ерекше баулиды. Концерттік костюмдерге көп көңіл бөлінеді. Репартуарға сай ойластырылған, қайталанбас ашық костюмдер коллекциясының біразы жиналды. Оған студия жетекшілері мен үйірме қатысушылары ата-аналарының қосқан үлесі зор. Үлгілі эстрадалық би студиясының би нөмірлері Оқушылар сарайының кез келген концертінің ғана емес, сонымен бірге қалалық, облыстық сахна алаңдарының сәніне айналды. Балалар халықаралық фестиваль мен конкурстарға жиі шақырылады. Сол сияқты "Блэйздің" "Тип-Топ" деп аталатын дайындық тобы бар. Жетекшісі: Корнюхина Любовь Васильевна Жетекшісі: Руденко Ирина Валерьевна Жетекшісі: Гимазетдинова Дина Ринатовна Жетекшісі: Булич Анжелика Витальевна
«Свет звезды» үлгілі ән театры «Свет звезды» үлгілі ән театры қала, облыс және Республикадан тыс шет жерлерге танымал ұжым. Өз ұжымы мен қаласының атын шығарған түлектерінің есімін тізіп шықса жеткілікті болар еді : Маутин Сұңғат, Қалымова Нәзира, Амерханова Дидар, Селезнева Даша, Тухфатуллин Дамир, Малцагов Ринат, Абдуалиева Зарина, Исабеков Абзал, Роза Мұқатаева және басқалар. Олар өз театрының тарихында мәңгілікке қалмақ. Бүгін «Свет звезды» - педагог Е.Валько әзірлеген жеке авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін белгілі балалар шығармашылық ұжымы. Оның негізінде балалардың музыкалық қабілетін жан-жақты ашу және дамыту жатыр. Музыкалық студиядан айырмашылығы театрда тек вокалист-орындаушылар дайындамайды, сонымен бірге музыкалық нөмірлер сахналанады. «Свет звезды» үлгілі ән театрының тәрбиеленушілері өте еңбекқор және жауапты. Ұжымда достық пен өзара көмек, шығармашылық және ынтамақтастық атмосфера орнаған. Бұл ұжымның көркем, есте қалатын, әдемі нөмерінсіз Оқушылар сарайында және қаланың өнер алаңдарында бірде-бір концерт өтпейді. «Свет звезды» үлгілі ән театрының әншілері мен топтары түрлі деңгейдегі конкурстар мен фестивальдардың бірнеше дүркін лауреаттары және жеңімпаздары. «Свет звезды» жетекшісінің парақшасы. Жетекшісі: Валько Елена Михайловна Руководитель: Баркова Елена Владимировна Аккомпониатор: Ельшибаева Зейнеп Кайратовна
«Аймикс» вокалдық студиясы Сахналау шеберлігі негізімен танысады, жанды өнермен орындай отыра, микрофонмен жұмыс істеуге үйренеді, дыбыс жазу студиясы жұмыс істейді, хореографиямен айналысады. Ұжымда әр түрлі вокал түрлері қолданылады: соло, дуэт, трио, вокал топтары. Облыс және қала іс-шараларының тұрақты қатысушылары. Жетекшісі: Капарова Динара Зиадиновна Аккомпониатор: Царенко Нонна Кировна
«Калейдоcкоп» театр студиясы «Калейдоскоп» театралдық студиясында - балаларды табысты, өздеріне деген сенімділік, батыл әрі еркін, жауапкершілік және шыдамдылық, шығармашыл және айқын, қоғам алдыңда сөз сөйлеуге үйретеді. Бұндай қасиеттер болашақ мамандықта және өмірде де қажет болатын қасиеттер. Бұл жерде сезімге бөленіп, дұрыс шешім қабылдап, түрлі тағдырдың ролін ойнап өмір сүруге болады. Оқушылар, өкінішке орай, мектеп бағдарламасына енбейтін көптеген әйгілі драммматургтардың есімдерімен, шығармашылықтарымен таныс болады. Сондай-ақ, бұл жерде, ынтымақтастықта уақыт өткізуге болады! Сабақтар М.Е. Билаяның «Театралдық өнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты пікір білдірілген, авторлық бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Бұл бағдарламада театралдық-ойын қызметінің әдіс-тәсілдері жүйеленген. Театралдық ойнау барысында, балалардың әр-түрлі шығармашылық қызметтері іске асып, бірінші және екінші оқу жылына оқушыларға арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар құрылған. Жетекшісі: Билая Марина Евгеньевна
Хореграфическая студия «Жұлдыздар» Хореграфическая студия «Жұлдыздар» основана с 1.02.2015 г. Воспитанники студии неоднократные призеры Международных, Республиканских и городских конкурсов. Одна из студий, которая начинает работу с самыми маленькими детками нашего города. В феврале 2018 г. В г. Алматы воспитанники завоевали и привезли домой 3 – 1 мест, и 1 – 2 место! Ждем всех желающих. Руководитель: Тактаулова Анжела Касеновна «Амплуа» шығармашылық студиясы Студияның негізгі мақсатты өскелең ұрпаққа өнер әлемінің есігін ашу болып табылады. Мұнда, балалар көркем сөз, әдеби шеберлікті үйреніп қана қалмай, сахна тілі, мерекелердің жүргізушісі, актер және кішігірім қойылымдардың режиссері де бола алады. Руководитель: Ешимкулов Жаксибек Махаматкулович «Еркем - ай» дәстүрлі ән айту үйірмесінің Үйірменің мақсаты - халқымыздың атам заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі домбыра және ұлттық салт-дәстүр, музыка негізінде жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу. Руководитель: Тезекбай Майра Болатқызы |