Әдістемелік бөлімі
- Подробности
-
Категория: Біздің ұстаздар
Аралбаева Бахыт Сагантаевна
Беккожина Бахыт Сагантаевна
М.М.Қатаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері,қосымша білім беру педагогі . Білімі:жоғары педагогикалық . Ахметов атындағы педагогикалық колледж - бастауыш сынып мұғалімі және Торайғыров атындағы ПМУ - педагог-психолог мамандығы бойынша тәмәмдады.М.Қатаев атындағы Оқушылар сарайының «Аталары - ардагерлер, немерелері - іздеушілер » мұражайын және Павлодар облысы мектеп мұражайларының жұмысын әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, мұражайлар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді, «Майдан жолы» іздестіру жасағымен тығыз ынтымақтастық жасайды.
Қосымша білім беру педагогі, «Мұрагер» жас экскурсовод мектебінің жетекшісі.
Аипова Асем Сериковна
Аипова Асем Сериковна
Әдіскер, қосымша білім беру педагогі. Екі жоғары білімі бар: ПМПИ, қазақ тілі және әдебиеті; ИНЕУ, журналистика бакалавры. Педагогикалық өтілі – 15 жыл. 2006 жылдан бастап мемлекеттік тілде «Қаламгер» балалар баспаөз - орталығының жетекшісі. «Твой мир – Сенің әлемің» облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің бас редакторы, облыстық Халық радиосындағы «Жас тілші» хабарының авторы, Облыстық және Республикалық БАҚ белсене жұмыс жасайды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысының оқушыларына арналған тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырушысы.
Қосымша білім беру мұғалімдері мен аға тәлімгерлерге арналған мемлекеттік тілде жұмыс жасайтын балалардың баспасөз орталықтарын құру бойынша «Медиасауаттылықты қалыптастыру және білім берудің барлық қатысушыларының ақпараттық құзыреттілік деңгейін арттыру жұмысын ұйымдастыру» бойынша оқыту семинарларын өткізеді.
«Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогика кадрларына арналған «Балаларға білім беру жүйесіндегі балалардың әлеуметтік – коммуникативтік дамуы» тақырыбы бойынша Республикалық оқыту-әдістемелік орталығында өз тәжірибесімен бөлісті.
Өз жұмысы жайлы республикалық журналдарда басылымдары бар. Ертіс-Кереку жері бойынша облыс оқушыларына арналған онлайн-зкскурсиялар жүргізеді.
Жас тілшілерге арналған «Ойнайық та, ойлайық», «Баянауыл рухани мұрасы», «Баянауыл тауларының аңызы» атты онлайн-жинақтың авторы.
ҚР БжҒМ атынан жас ұрпаққа тәлім-тәрбие бергені үшін және білім жүйесіне өз үлесін қосқаны үшін Алғыспен марапатталды. Павлодар облысы бойынша қосымша білім беру саласында еңбек еткені үшін Павлодар облысының Маслихаты атынан Алғыс хатқа ие болды.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Акционерлік қоғамының Филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» өткізген «Педагогикалық шеберлік- 2021» облыстық конкурсында «Қосымша білім берудегі инновациялық жоба» номинациясы бойынша 1 орын дипломы иегері атанды.
Республикалық «Үздік портфолио» атты конкурсында 1 дәрежелі Дипломы бар,
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң әр қалан» Республикалық конкурсында жеңімпаздарды дайындаған үшін Алғыс хатпен марапатталы. Республикалық қашықтықтан өткен олимпиадалардың диплом иесі.
Оразбаева Айжан Жумагуловна
Оразбаева Айжан Жумагуловна
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, «Жас Ұлан» облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы.
Білімі: Жоғары, педагог-психолог бакалавры.
Мамандығы бойынша өтілі: 20 жыл.
Санаты: Қосымша білім беру педагогы – педагог-модератор.
Кәсіби тәжірибесі:
Мектеп парламентімен жұмыс істеу тәжірибесі бар. «Мейір» еріктілер клубының жетекшісі, қалалық және облыстық деңгейдегі волонтерлік қызметтің ұйымдастырушысы. Жобалық қызметте мол тәжірибесі бар. Өз қызметінде балалардың көшбасшылық, еріктілік және құқықтық бағыттарына ерекше көңіл бөледі.
Кәсіби біліктілігін тұрақты түрде арттырып отырады. Астана қаласындағы Отбасылық тәрбие институтын бітірген. «Жас психологтарға арналған» әдістемелік жинақты әзірлеу бойынша психологтардың облыстық инновациялық тобының жұмысына қатысты. Оқушылар сарайында 2015 жылдың тамыз айынан бастап әдіскер болып жұмыс істейді.
Марапаттары:
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатынан, «Жас Ұлан» РБҰ Үйлестіру кеңесінің төрағасынан Алғыс хат (2019 ж.);
«Жас Ұлан» РБҰ фотобайқауының 3-дәрежелі дипломы (2019 ж.);
Дебат қозғалысын дамытқаны үшін РУМЦДО Алғыс хаты (Шымкент қ., 2020 ж.);
Павлодар облысы Білім беру басқармасының Құрмет грамотасы (2021, 2024 жж.);
Павлодар облысы әкімдігінен «Жас өркен» сыйлығының жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алғыс хат (2021 ж.);
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына белсенді қатысқаны үшін Грамота (2023 ж.);
ҚР Оқу-ағарту министрлігі РУМЦДО «Балалық шақ досы» төсбелгісімен марапатталған (2023 ж.);
Б. Өтемұратов қорының директоры М.Т. Аймағамбетовтен және РУМЦДО-дан Алғыс хаттар (2024 ж.).
Шияненко Алёна Александровна
Оразбаева Айжан Жумагуловна
Педагог-ұйымдастырушы (Оқушылар сарайында 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді).
Білімі:
Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі — педагог-ұйымдастырушы, балалар ұжымының музыкалық жетекшісі;
Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті (МФПУ) — психология бакалавры, әлеуметтік психолог.
Педагогикалық өтілі: 8 жыл 9 ай.
Кәсіби сипаттамасы:
Әртүрлі жастағы балалармен тиімді жұмыс істей алатын маман. Еңбекқорлығы мен кәсібилігінің арқасында тәрбиеленушілерімен бірге жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Қазіргі уақытта «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тәрбиелік іс-шаралар өткізеді. «Click&Go» видеография студиясының жетекшісі. Видеомонтаж, сценарий жазу, анимациялық видео жасау және коммерциялық жобалармен жұмыс істеу («Video Money Maker» курсы) бойынша кәсіби дағдылары бар.
Марапаттары мен жетістіктері:
Облыстық «Үздік тәлімгер» байқауының II орын иегері («Баға жетпес тәжірибе» номинациясы, 2022-2023 оқу жылы);
Облыстық «Үздік тәлімгерлер жасағы» байқауының II орын иегері (команда капитаны, 2023-2024 оқу жылы);
«Ұшқырой алаңы» республикалық дебат турниріне оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хат (II орын);
КВН облыстық зияткерлік байқауларына оқушыларды дайындағаны үшін грамоталар (I, III орындар және Гран-при).
Темирбулатова Майя Баязитовна
Оразбаева Айжан Жумагуловна
М.М.Қатаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері, қосымша білім беру педагогі. Білімі жоғары. Павлодар университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Облыстық «Аққу», «Мирас» жобаларын әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлейді, өңірдің білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық жасайды.
Қосымша білім беру педагогі, «Қазақша сөйлейік!» үйірмесінің жетекшісі.
Фрик Аксана Ивановна
Фрик Аксана Ивановна
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері,қосымша білім беру педагогі. Екі жоғары білімі бар: құқықтану бакалавры (Павлодар Университеті) және тарих бакалавры (ИНЕУ, 2019 ж.). Павлодар облысының «Жас ТЖДО» мектебінің үйлестірушісі. Тәрбие жұмысы саласындағы жағдай мен перспективалық мүмкіндіктерді талдайды. Оқытудың және тәрбиелеудің озық технологиялары бойынша педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибесін жүйелейді, жинақтайды және таратады. Оқушылар сарайының әдістемелік және конкурстық-жобалық қызметіне мониторинг жүргізеді. Жобаларды әзірлеуге қатысады.Қосымша білім беру педагогі, «Ориентир» құқықтық үйірмесінің жетекшісі
Альханова Айнура Ерболовна
Альханова Айнура Ерболовна
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері.
Білімі жоғары. 1998 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Химия, биология» мамандығы бойынша бітірген.
Павлодар облысының қосымша білім беру әдіскерлері шығармашылық тобының жетекшісі.
Жас маман мектебі мен әдіскерлердің шығармашылық тобының отырысы шеңберінде Павлодар облысының қосымша білім беру педагогтерін әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, қосымша білім беру педагогтерінің нәтижелі тәжірибесін жинақтайды және таратады, Оқушылар сарайының педагогтері мен тәрбиеленушілерінің жетістіктерінің белсенділігіне мониторинг жүргізеді