Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15433086
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4114
13180
55269
15091652
87449
367126
15433086

Сіздің IP: 18.119.248.214
Уақыт: 2024-12-05 07:44:18

Шығармашылық аумағы

Заманауи кезеңде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы оның барлық сатыларының, оның ішінде қосымша білім беру жүйесінің, жаңғыруымен сипатталады. Бүгін таңда балаларға қосымша білім беру заманауи қазақстандық қоғамдағы пайда болған білім беру кеңістігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Балаларға қосымша білім беру – балалар шығармашылығының дамуы үшін жағдайлар жасау жүйесі, олардың қабілеттерінің өздігінен анықталуы, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі, азаматтық сана-сезімнің, жалпы мәдениеттің, СӨС, экологиялық мәдениеттің қалыптасуы және бос уақыттың мазмұнды ұйымдастырылуы.

1

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, оқушылардың атқарушылық сауаттылығын дамыту бойынша 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-әрекеттер жоспары балаларға қосымша білім беру балалар мен жастардың әлеуметтік және кәсіби жолын анықтау, тұлғаның қабілеті мен мүддесін дамытудың басты факторының бірі екендігін атап өтті.

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының «Стратегия-2050» құрылған мемлекеттің жаңа саяси курсы» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспары: барлық деңгейдегі, білім беру бағдарламаларының, соның ішінде қосымша білім берудің, мазмұнын жаңарту қарастырылған. Білім беру жүйесінің барлық құрылымдық компоненттерін жаңарту және жаңаша дамыту курсы білім беру мазмұнының сапасын өзгерту және жаңа білім нәтижелерін алуды көздейді.

Сондықтан біздің мекеменің білім беру мен тәрбие жұмысының бағытында қосымша білім беру қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен қажеттілігі маңызды мәселе болып отыр.

Воспитательная концепция, которую поддерживает педагогический коллектив Павлодар облысының М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымының қолдайтын тәрбиелік тұжырымы қарапайым ұғымға саяды: шығармашылық қоғамның және жеке адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегі.

2

Бүгін Сарай толыққанды және еркін шығармашылық пен тұлға дамуының аумағына айналды. Біздің клуб, үйірме, студиялардағы еркін қарым-қатынас балалардың жасырын кабілетін ашып, қоршаған ортаның заңдылықтарын тануға және оқушылардың өзін көрсетудің жаңа түрін іздестіруге итермелейді. Біздің тәрбиеленушілер вокалдық, хореографиялық, аспаптық, ғылыми-техникалық, көркемдік және түрлі деңгейдегі бейнелеу шығармашылығының конкурстарында жүлделі орындарға ие болады. Біздің балалар Австрия, Чехия, Польша, Болгария, Турция, Македония, Словакия, Ресей, сол сияқты Астана мен Алматыда жеңіске жетті.

Жыл сайын өткізілетін «Сарай жұлдызы» байқауының балалар үшін маңызы зор, байқау үздік оқушыларды анықтайды. Кезінде түрлі бағыттағы үйірмелердің жарқын түлектері «Жұлдызша» болған. Олар: Маша Мудряк (Джузеппе Верди атындағы консерваторияның ең жас түлегі ), Ринат Малцагов (Жүргенов атындағы Алматы Өнер Академиясының түлегі), Юлия Зыкова (Мәскеу көркем театрының әртісі), Әлия Алмұхамбетова («Павлодар-Казахстан» облыстық телекомпанияның редакторы), Бауыржан Атанов (Евразия университетінің математика және компьютерлік үлгілеу факультетінің түлегі)және басқалар.

Жалпы алғанда ол бағдарламашы болсын, әнші болсын, журналист болсын, белсенді болсын – жас жасампаздың ғибадаты жасалады. Нәтижесінде баланың қоршаған ортаға, адамдарға, жалпы қоғамға деген жағымды көзқарасы қалыптасады; өз қабілетіне сенімі артады, өзінің мәнділігін, жалпы ризашылықты сезіну. Бұл тұлғаның дұрыс азаматтық ұстанымының дамуына түрткі болады.

Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтері, «Мектептен тыс мекемеде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» үлгісі бойынша жұмыс істеп, көптеген табыстарға жетті.

«Облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымы» қағамдық бірлестігі тиімді жұмыс істейді. Ол облысымыздың қала, аудан және ауылдардың балалар ұйымдары көшбасшыларымен шығармашылық қарым-қатынас және біздің құрылым жұмысының әрекеттік құралына айналды. Олардың барлық байланысы біздің аудиторияларда түйіседі. Өздерінің тынымсыз, шығармашылық, өмірге деген белсенділік әрекеттерін балалар «Сенің әлемің» облыстық балалар-жасөспірімдер газетінде ашық жариялайды.

Бүгінгі таңда Оқушылар сарайында 6 жастан 18 жасқа дейінгі 3231 тәрбиеленушіні қамтыған 257 үйірме мен клуб жұмыс істейді, оның 942-і ер бала, бұл 28% құрайды. Сарайдың 256 үйірме, студия, клубтарында 65 бағыт бойынша 3 231 бала шұғылданады,олар:
-мемлекеттік тіл мен қолданбалы халық шығармашылығын дамыту,
-көркемдік және эстетикалық тәрбие, техникалық шығармашылық, саламатты өмір салты,
-балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің белсенділерімен жұмыс және басқалар.

Көркемдік-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экология-биологиялық, өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша жұмыстар жүреді. Балаларға қосымша білім беру бағыттары бойынша балалар бірлестігінің оқу топтарының толымдылығы, ҚБЖ жұмысын бағалау өлшемдеріне жүгінсек, оқу және тәрбие сапасының көрсеткіші болып табылады.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және мектепке дейінгі оқу және тәрбие жұмысының маңызын арттыру мақсатында 2013 жылы Оқушылар сарайында 5-6 жас аралығындағы балаларға арналған эстетикалық даму мен тәрбие студиялары «Золотой ключик» және «Білімпаз» жұмысын жалғастыруда, ол 188 тәрбиеленушіні қамтыды.

3

18 педагог авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Бейімделген бағдарламалар қолданылады. Соңғы бес жылда М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогикалық ұжымы жүйелі түрде келесідей бағдарламаларды жүзеге асырып келеді:
-Даму бағдарламасы.
-Білім беру жұмысының бағдарламасы
-Тәрбиелік жұмыс бағдарламасы
-Әдістемелік қамсыздандыру бағдарламасы
-Инновациялық жұмыс бағдарламасы

Жыл сайын 5-18 жас аралығындағы үш мыңнан аса бала Сарайдың студия, клуб, үйірмелерінде қосымша білім беру бағдарламасын игеруде, облысымыздың 70 мыңнан аса балалары мен жасөспірімдері бұқаралық іс-шараларға қатысады.

Көркемдік тәрбие бөлімінде 1068 тәрбиеленуші шұғылданады:
Бұл хореографиялық ұжымдар: «Анастасия», «Блэйз», «Вдохновение» - халық билері; «Нежность»-заманауи балалар балеті;
-Вокальные коллективы: «Жас Даурен», «Дебют», «Свет звезды»;
- «Жас екпін» домбыра ұжымы;
-Театрлық ұжымдар: «Арман-шоу», «Арлекино».

Бұл бағытта жұмыс істейтін ұжымдар бірнеше дүркін қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы болып табылады. Төрт ұжым «Үлгілі» атағына ие.

Әдістемелік бөлім Павлодар облысының «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының Методический отдел курирует и направляет деятельность Павлодарской областной детско-юношеской организации которая является лидером среди детско-юношеской организаций республики Казахстан. На ее счету немало интересных дел: областные и районные Курултаи, тематические заседания Детской и взрослой палат, областные конкурсы и проекты «Путь к успеху», «Парад проектов», «Весенняя неделя добра»,

Әдістемелік бөлімнің қоғамдық бағыттағы үйірмелерінде 417 адам оқиды, әлеуметтік бейілделуден өтеді және которые проходят социальную адаптацию и становятся организаторами областных мероприятий детско-юношеской организации «Жас Ұлан»балалар-жасөспірімдер ұйымдарының облыстық іс-шараларының ұйымдастырушысы болады: Балалар-жасөспірімдер күні, жылжымалы белсенді балалар мектебінің аудардарға баруы, «Лидер» жазғы лагері. 818 бала көшбасшылық дағдыларды игерді, облысымыздың мектептерінде алғашқы балалар-жасөспірімдер ұйымдарын басқарады .

Ғылыми-техникалық бағыттағы ұжымдарда 927 тәрбиеленуші шұғылданады: ОИВТ-компьютерлік, «Мастерок-бастапқы-техникалық үлгілеу», «Луч» және «Оператор»-киностудиялар, жалпытехникалық үлгілеу, радиоэлектроника (2 ұжым), қазақ тілі үйірмелері (2 ұжым), орыс тілі үйірмесі (2ұжым), ағылшын тілі үйірмесі, «Экомир»-экологиялық.
Эстетикалық бағытта 664 тәрбиеленуші келесідей ұжымдарда білім алады: «Сырмақ»-қазақ ұлттық қолданбалы шығармашылық, «Декор» шытыра моншақ өру, «Сымбат», «Силуэт» және «Фантазия»-тігін, «Сюрприз»-жұмсақ ойыншық, «Престиж» бен «Стиль»-жас шаштараздар .

Мектеп тұлғаның білім алуына көп жолдар ұсынады. Біз болсақ, мектептен тыс ұйым ретінде, ішкі шығармашылық іздену жолын өтуге мүмкіндік береміз. Егер шығармашылықта стандарт деген болмаса, онда біз бірге белсенді, алдыңғы қатарлы, жасампаз тұлға тәрбиелеудің бірыңғай жолын іздеп табамыз, себебі біздің тәрбиеленушілеріміз сияқты бұл да біздің ортақ міндетіміз.