«Мектеп мұражайында экскурсия жүргізу әдістемесі» әдістемелік сағаты
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Методический час «Методика проведения экскурсии в школьном музее»
|
Методический час «Методика проведения экскурсии в школьном музее»
|
2023 жылдың 24 наурыз күні облыстық Оқушылар сарайында «Мектеп мұражайында экскурсия жүргізу әдістемесі» атты әдістемелік сағат өтті. Аталмыш іс-шараға № 33 ЖОМ, № 36 ЖОББМ, №43 ЖОМ, № 19 ЖОМ, Шарбақты аудны ЖОМ, Ертіс ауданы «Ш.Уалиханов» ЖОМ, Шарбақты ауданы Шалдай ЖОМ қатысты.
Әдістемелік сағатты ұйымдастырған Оқушылар сарайының әдіскерлері Николай Новодержкин және Бахыт Беккожина.
Әдістемелік сағаттың ұйымдастырушылары мұражай және «экскурсия» терминінің пайда болу тарихы туралы айтып берді. Мектеп мұражайларының білім беру тәжірибесінде экскурсиялардың үш негізгі түрі қалыптасты: таныстыру, білім беру және дамыту. Іс-шараға қатысушылар спикерлерден экскурсиялардың бұл түрлерінің қалай ерекшеленетінін, оларға қалай жақсы дайындалу керектігін және мұражай қонақтарына ерекше назар аудару керектігін білді.
-Әр экскурсия үш бөлімнен тұрады: кіріспе әңгіме, негізгі бөлім және қорытынды әңгіме. Кіріспе әңгімеде мұражайға келген топқа өзін таныстыра отырып, экскурсия жетекшісі мұражай туралы, экскурсия тақырыбы және оны өткізу тәртібі туралы қысқаша мәлімет береді. Негізгі бөлімде экскурсия тақырыбы ашылады. Соңғы бөлімде экскурсовод экскурсияның мазмұнды жағын қысқаша қорытындылап, сұрақтарға жауап беруі керек, - деді «Аталар-ардагерлер, немерлер-іззерттегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Беккожина.
Мұражай экскурсия сабағы материалды ұжымдық терең зерттеуді және оның игерілуін тексеруді қамтиды. Сонымен қатар, мұражай сабағы алынған білімнің иллюстрациясы ретінде емес, білімнің тікелей көзі ретінде әрекет етеді. Мұражай сабағы оқушыларды бірдей дәрежеде белсендіреді, өйткені ол мұражай ақпаратын қабылдаудың әртүрлі деңгейіне жеке көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сабақ барысында қолданылатын негізгі әдістер-экскурсиялар: жәдігерлерді көрсету, әңгіме. Әдетте, олар бөлек қолданылмайды. Экскурсиялық қызмет оның тиімділігін зерттеуді қамтиды. Әр кезеңде тексерудің белгілі бір әдістері бақылау тапсырмалары, сұхбаттар бола алады.
Әдістемелік сағаттың қатысушылары мазмұнды сұрақтар қойып, мұражай құжаттамасын қалыптастыру мәселесін көтерді: мұражайды қалай дұрыс рәсімдеу керек және мұражайда не болу керек екендігін туралы біліп алды.
-Мұражай ортасы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар мұражай заттарының іздеуге ынталандырады, -дейді Бахыт Беккожина.
Түсініктемелер қосу