«Әлем таныған Әуезов» әдеби-сазды кеші
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Литературно-музыкальный вечер «Әлем таныған Әуезов»
|
Литературно-музыкальный вечер «Әлем таныған Әуезов»
|
2022 жылдың 20 қазан күні Республика күні қарсаңында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында ұлы жазушы М.Әуезовтың 125-жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты әдеби сазды кеші өтті.
Елімізде 2022 жылдың 28 қыркүйек күні қазақ жазушысы, драматург, ғалым, аудармашы, фольклорист, қоғам қайраткері, ҚазССР ғылым Академиясының академигінің мерейтойы аталып өтілді. Мұхтар Әуезов – Қазақстан мен Орталық Азия жазушылары, ақындары мен ғалымдары арасындағы шоқжұлдызының ең жарқын жұлдызы.
Кештің құрметті қонақтары абайтанушы Даниял Асенов, ақын, журналист Шолпан Байғалы, «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық қорының мүшесі Ғалия Сунгатова, "Шаңырақ" облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы басшысының орынбасары Айбек Оралхан, «Ақсақалдар тағылы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Қалиев болды.
Оқушылар деректі фильмнен жазушының өмірі жайлы қызық ақпаратқа қанық болып, жазушының жанды дауысын тыңдады.
Оқушылар сарайы эстетикалық тәрбие беру бөлімінің тәрбиеленушілері бейнелеу және сән – қолданбалы өнері бойынша өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан «Мұхтар Әуезовтың мұрасы» атты көрме ұйымдастырды. Шығармашылық ұжымдар сахына төрінде ән және биден өнерлерін ортаға салды.
Іс-шарада «Қаламгер» студиясының тәрбиеленушілері және Б.Момышұлы мектебінің оқушылары ұлы жазушының нақыл сөздерінен мысал келтірді.
- Мұхтар ағамыздың көркем туындылары ғасырларды жалғап, ұрпаққа қуат, шабыт береді. Оқушылар бүгін жазушының өмірімен, шығармашылығымен танысты, - деді кеш ұйымдастырушысы, әдіскер Әсем Аипова.
- Қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиеттанушы ғалымның есімін біздің халқымыз ерекше құрметтейді, есімін алғыспен еске алады, - деді Шолпан Байғалы.
- Мұхтар Әуезов – өміріміздің ұлы символы, аңыз адам, жаңа заманның данагөйі, ақиық ақын,- Айбек Оралхан.
Қазақ әдебиетінің хас шебері 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) қазақша «Қасқыр» дегенді білдіретін Бөрілі қаласында дүниеге келген. Қазір мұнда мұражай мен «Мұхтар Әуезов осында дүниеге келген» деген жазуы бар стела бар. Ақынның өмірі Абай Құнанбаевтың тұлғасымен тығыз байланысты. Балалық шағында ол ұлы ақынмен алыс туысқан болғандықтан оны бірнеше рет көрді. Атасы Әуез Абайдың жақын досы, әрі оның өлеңдері бойынша немересін оқуға, жазуға үйреткен.
Осылайша болашақ жазушының өмірінің негізгі тақырыбы басталды.
Түсініктемелер қосу