Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12786753
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2571
4254
6825
12574557
105206
375712
12786753

Сіздің IP: 52.15.63.145
Уақыт: 2024-04-16 11:27:48

Оқушылар сарайында дебат турнирі өтті

Дебатный турнир прошел во Дворце школьников Дебатный турнир прошел во Дворце школьников
 

2021 жылғы 5 қарашада М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында, «Жас Ұлан» ББЖҰ және «Тәлімгер» ЖҚБ, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен Павлодар облысының білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» және «Жас Ұлан» ББЖҰ 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде облыстық дебат турнирін өткізді.

Турнирдің мақсаты облыстың зияткерлік жастарын шоғырландыру, әлеуметтік жетілген, жауапты, белсенді азаматтық ұстанымға ие, шығармашылық және сыни ойлауға қабілетті жастар ұрпағын қалыптастыру дебаттық қозғалысты дамыту болып табылады. Турнирдің басында ұйымдастырушы «Тәлімгер» ЖҚБ басшысы Жанат Амангелдіұлы Сарбасовқа құттықтау сөз берілді. Одан әрі ойыншылардың турнир төрешілерімен танысуы, командалардың жеребе тастауы, форматтар бойынша қысқаша тренниг. Турнир Британдық парламенттік формат (БПФ) бойынша орыс тілінде өткізілді, Павлодар қаласынан 16 команда қатысты. «Үздік спикер» анықтауға арналған Турнир «Линкольн-Дуглас» форматы бойынша өтті. Күннің бірінші жартысында турнирдің іріктеу кезеңі өтті, финалистер мен «Үздік спикер» атағына үміткерлер анықталды. Финалда №16 мектеп-лицей, ПХМК, ОМЛИОД, сервис және тамақтану колледжі командалары таласты. Бірінші орынды №16 мектеп-лицейінің командасы, екінші орынды химия-механикалық колледжінің командасы, үшінші орынды «серивс және тамақтану колледжінің» командасы, ОМЛИОД командасы финалист дипломымен марапатталды. «Үздік спикер» номинациясында ВКИнЕУ колледжінің студенті Сорокин Илья марапатталды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, турнир қатысушыларына сертификаттар табысталды. Турнирдің төрешілері: Алимов Никита – Павлодар педагогикалық университеті жанындағы «Veritas» дебат клубының төрағасы, Зада Бауыржан - Ақсу қ.дебат турнирлерінің төрешісі, Ерсінов Мирас-ППУ студенті, «Veritas» МҮ мүшесі. Бас төреші Жанат Амангелдіұлы болды. Турнир барлық санитарлық және эпидемиологиялық нормалар бойынша өткізілді

Түсініктемелер қосу