Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения16414331
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8200 20398 66307 16078164 95009 460667 16414331 Ваш IP: 18.216.142.94
Время: 2025-02-07 16:13:34
|
Оқушылар сарайында дебат турнирі өтті
2021 жылғы 5 қарашада М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында, «Жас Ұлан» ББЖҰ және «Тәлімгер» ЖҚБ, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен Павлодар облысының білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» және «Жас Ұлан» ББЖҰ 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде облыстық дебат турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты облыстың зияткерлік жастарын шоғырландыру, әлеуметтік жетілген, жауапты, белсенді азаматтық ұстанымға ие, шығармашылық және сыни ойлауға қабілетті жастар ұрпағын қалыптастыру дебаттық қозғалысты дамыту болып табылады. Турнирдің басында ұйымдастырушы «Тәлімгер» ЖҚБ басшысы Жанат Амангелдіұлы Сарбасовқа құттықтау сөз берілді. Одан әрі ойыншылардың турнир төрешілерімен танысуы, командалардың жеребе тастауы, форматтар бойынша қысқаша тренниг. Турнир Британдық парламенттік формат (БПФ) бойынша орыс тілінде өткізілді, Павлодар қаласынан 16 команда қатысты. «Үздік спикер» анықтауға арналған Турнир «Линкольн-Дуглас» форматы бойынша өтті. Күннің бірінші жартысында турнирдің іріктеу кезеңі өтті, финалистер мен «Үздік спикер» атағына үміткерлер анықталды. Финалда №16 мектеп-лицей, ПХМК, ОМЛИОД, сервис және тамақтану колледжі командалары таласты. Бірінші орынды №16 мектеп-лицейінің командасы, екінші орынды химия-механикалық колледжінің командасы, үшінші орынды «серивс және тамақтану колледжінің» командасы, ОМЛИОД командасы финалист дипломымен марапатталды. «Үздік спикер» номинациясында ВКИнЕУ колледжінің студенті Сорокин Илья марапатталды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, турнир қатысушыларына сертификаттар табысталды. Турнирдің төрешілері: Алимов Никита – Павлодар педагогикалық университеті жанындағы «Veritas» дебат клубының төрағасы, Зада Бауыржан - Ақсу қ.дебат турнирлерінің төрешісі, Ерсінов Мирас-ППУ студенті, «Veritas» МҮ мүшесі. Бас төреші Жанат Амангелдіұлы болды. Турнир барлық санитарлық және эпидемиологиялық нормалар бойынша өткізілді |