Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15087936
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1388 8541 49985 14727551 109425 453407 15087936 Сіздің IP: 18.116.37.61
Уақыт: 2024-11-09 05:11:46
|
Оқушылар сарайында «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» атты мерекесі өтті
2021 жылдың 18 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Оқушылар сарайында «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» атты кездесу өтті. ZOOM платформасында өткен мерекелік кездесуге Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және Аққулы, Железин, Баянауыл, Шарбақты, Май аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Кездесудің құрметті қонағы Павлодар облыстық «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахытжамал Шаханқызы Максилова болды. Кездесудің мақсаты оқушылардың Наурыз мейрамының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ халқының асыл мұрасы салт-дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеу. Наурыз - барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз - достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз - қаңкылдап қаздар келетің, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат - Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы, мол ырысқа кенелетін, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ. Кездесу барысында Бахытжамал Шаханқызы оқушыларға қазіргі таңда елімізде Наурыз мейрамын тойлаудың күндері мен ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Балалар «Көрісу», «Жайлау», «Шежіре» күні, «Тарихқа тағзым», «Игі істер», «Шымырлық пен шеберлік», «Зияткерлік күні», «Ұлттық тағамдар», «Ұлыстың ұлы күні», «Жоралғы» күндердің мән-мағынсын айтып берді. Бахытжамал апай ұмытылып бара жатқан ұлттық «Науан» және «Бүрме» тағамдарның жасалу жолын түсіндірді. Өз Наурыз көжесінің ерекше жасалу әдісіне тоқталды. - Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы көктемгі жаңарудың, махаббаттың, молшылық пен достықтың символы іспеттес. Балалар сендерге бақыт, оқуларың үздік болсын, жыл бойы Наурыз әр үйге молшылық әкелсін, - деп ақ батасын берді Бақытжамал Мақсилова. «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» онлайн кездесуді ұйымдастырып, өткізген әдіскер Әсем Аипова. |