Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12900316
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
21657
18906
78989
12623686
218769
375712
12900316

Ваш IP: 3.145.131.238
Время: 2024-04-27 21:17:41

Оқушылар сарайында «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» атты мерекесі өтті

Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам»
Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам»

2021 жылдың 18 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Оқушылар сарайында «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» атты кездесу өтті.

Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам»
Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам»

ZOOM платформасында өткен мерекелік кездесуге Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және Аққулы, Железин, Баянауыл, Шарбақты, Май аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.

Кездесудің құрметті қонағы Павлодар облыстық «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахытжамал Шаханқызы Максилова болды.

Кездесудің мақсаты оқушылардың Наурыз мейрамының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ халқының асыл мұрасы салт-дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеу.

Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам»
Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам» Во Дворце школьников прошел праздник «Салт-дәстүр, алтын-қазынам»

Наурыз - барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз - достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз - қаңкылдап қаздар келетің, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат - Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы, мол ырысқа кенелетін, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.

Кездесу барысында Бахытжамал Шаханқызы оқушыларға қазіргі таңда елімізде Наурыз мейрамын тойлаудың күндері мен ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Балалар «Көрісу», «Жайлау», «Шежіре» күні, «Тарихқа тағзым», «Игі істер», «Шымырлық пен шеберлік», «Зияткерлік күні», «Ұлттық тағамдар», «Ұлыстың ұлы күні», «Жоралғы» күндердің мән-мағынсын айтып берді. Бахытжамал апай ұмытылып бара жатқан ұлттық «Науан» және «Бүрме» тағамдарның жасалу жолын түсіндірді. Өз Наурыз көжесінің ерекше жасалу әдісіне тоқталды.

- Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы көктемгі жаңарудың, махаббаттың, молшылық пен достықтың символы іспеттес. Балалар сендерге бақыт, оқуларың үздік болсын, жыл бойы Наурыз әр үйге молшылық әкелсін, - деп ақ батасын берді Бақытжамал Мақсилова.

«Салт-дәстүр, алтын-қазынам» онлайн кездесуді ұйымдастырып, өткізген әдіскер Әсем Аипова.

Добавить комментарий