Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15985018
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 11088 5464 32551 15648833 126363 513018 15985018 Ваш IP: 3.129.210.36
Время: 2025-01-08 21:38:54
|
Жасұландықтар мерекесі
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 11 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өтті. Аталмыш мереке «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты облыстық жобасының шеңберінде болды. Мерекелік іс-шараға оқушылар, «Жас Ұлан» ұйымының кандидаттары, Павлодар облысы қалалар мен аудандардың балалар-жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушілері, аға тәлімгерлер қатысты. Құрметті қонақтар қатарында 50-ші, 70-ші, 90-шы жылдардың аға тәлімгерлері, балалар қозғалысының ардагерлері: Евгения Засыпкина, Даметкен Кабулова, Вера Шакиримова, Надежда Фирсова, Людмила Мельник, Марина Голышевалар болды. Жас патриоттарға «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Қасенқызы Ыбытаева алғы сөз айтты. Сонымен қатар 70-ші жылдардың аға тәлімгері, Оқушылар сарайының бұрынғы әдіскері, «Факел» көшбасшылар клубының жетекшісі, педагогика еңбегінің ардагері Надежда Фирсова жас көшбасшыларға ақ жол тіледі. Надежда Ивановна жасұландықтарға өз Отанының құрметті азаматы болуға тілек білдірді. «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының қатарына кіретін оқушыларға галстуктерді тағу құрметті қонақтарға табысталды. Жас жасұландықтар ұйымның барлық жобалары мен жұмыстарында белсенді болуға ант берді. Бұл күні ұйымның қатарына Павлодар облысынан 44 оқушы және «Жас Ұлан» қалалық мектебінен 51 оқушы енді. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты облыстық жобасы 2015 жылдың 6 желтоқсанынан бастап 11 желтоқсанға дейін жалғасын тапты. Бұл жобада балалар жасөспірімдер белсенділері үшін келесі бағытты қамтитын 25 шара өткізілді: зиаткерлік викториналар, ұлттық ойындар, көңілді старттар. Денсаулықтарында ақаулықтары бар балалар үшін жеке жұмыс жүргізілді. «Жас Қыран» орта буын оқушылары үшін педагогтар сабақтар өткізді, журналистикадан шеберлік-сабақтар жүргізілді. Бұл көлемді жобаға 1500 –ден астам адам қатысты. |