Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

16411406
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5275
20398
63382
16078164
92084
460667
16411406

Сіздің IP: 3.12.161.138
Уақыт: 2025-02-07 12:41:38

Жасұландықтар мерекесі

Праздник юных жасулановцев Праздник юных жасулановцев

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 11 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өтті. Аталмыш мереке «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты облыстық жобасының шеңберінде болды.

Праздник юных жасулановцев Праздник юных жасулановцев

Мерекелік іс-шараға оқушылар, «Жас Ұлан» ұйымының кандидаттары, Павлодар облысы қалалар мен аудандардың балалар-жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушілері, аға тәлімгерлер қатысты.

Құрметті қонақтар қатарында 50-ші, 70-ші, 90-шы жылдардың аға тәлімгерлері, балалар қозғалысының ардагерлері: Евгения Засыпкина, Даметкен Кабулова, Вера Шакиримова, Надежда Фирсова, Людмила Мельник, Марина Голышевалар болды. Жас патриоттарға «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Қасенқызы Ыбытаева алғы сөз айтты. Сонымен қатар 70-ші жылдардың аға тәлімгері, Оқушылар сарайының бұрынғы әдіскері, «Факел» көшбасшылар клубының жетекшісі, педагогика еңбегінің ардагері Надежда Фирсова жас көшбасшыларға ақ жол тіледі. Надежда Ивановна жасұландықтарға өз Отанының құрметті азаматы болуға тілек білдірді. «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының қатарына кіретін оқушыларға галстуктерді тағу құрметті қонақтарға табысталды. Жас жасұландықтар ұйымның барлық жобалары мен жұмыстарында белсенді болуға ант берді.

Праздник юных жасулановцев Праздник юных жасулановцев

Бұл күні ұйымның қатарына Павлодар облысынан 44 оқушы және «Жас Ұлан» қалалық мектебінен 51 оқушы енді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты облыстық жобасы 2015 жылдың 6 желтоқсанынан бастап 11 желтоқсанға дейін жалғасын тапты. Бұл жобада балалар жасөспірімдер белсенділері үшін келесі бағытты қамтитын 25 шара өткізілді: зиаткерлік викториналар, ұлттық ойындар, көңілді старттар. Денсаулықтарында ақаулықтары бар балалар үшін жеке жұмыс жүргізілді. «Жас Қыран» орта буын оқушылары үшін педагогтар сабақтар өткізді, журналистикадан шеберлік-сабақтар жүргізілді. Бұл көлемді жобаға 1500 –ден астам адам қатысты.

Түсініктемелер қосу