Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24462464
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4408
8875
65011
24148758
246384
527623
24462464

Сіздің IP: 216.73.216.219
Уақыт: 2026-10-17 14:38:21

«Қаламгер» баспаөз орталығының түлегімен онлайн – интервью

Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер» Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер»
Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер» Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер»

2021 жылдың 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспаөз орталығының оқушысы,  2012 жылдың түлегі Адина Хамармен онлайн-кездесу өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері.

Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер» Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер»
Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер» Онлайн - интервью с выпускницей пресс-центра «Қаламгер»

«Black & White» медиа компаниясы – Қазақстандағы бейнеөндіріс көшбасшыларының бірі. Компания өз жұмысын 2013 жылы бастап, осы уақыт аралығында 200-ден астам бейнежобаларды жүзеге асырды. Бұл деректі және корпоративті фильмдер мен имидждік бейнероликтер.

Адина ауқымды жобалар, оның ішінде қойылым-ойын, деректі, инфографикалық, анимациялық бейнеөнімдер жасау жұмыстары бойынша басшылық етеді. 2020 жылда жұмысының басты тақырыптары еріктілер және салауатты өмір салты болған екен.

«Каламгер» тілшілері медиакомпанияның бейнежобаларын қарап, Адинаға сұрақтар қойып, болашақ мамандықтарына байланысты кеңестер алды.

- Балалар армандаңдар, батыл болыңдар, кітап көп оқыңдар, алға қойған мақсаттарына жетіп, тек алға ұмтылыңдар! Өз кәсіптеріңді сүйіңдер, өз істерінің майталман маманы болыңдар, - деп кеңес берді «Black& White» медиакомпаниясының продюсері Адина Хамар.

Онлайн кездесуге жас тілшілер және олардың ата-аналары, сонымен қатар Павлодар қаласы №35 ЖОББМ-нің ұстазы, Адинаның оқытушысы Қалқа Жунуспаева қатысты.

Түсініктемелер қосу