Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15737853
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7350 15540 7350 15471449 392216 367126 15737853 Сіздің IP: 3.138.134.163
Уақыт: 2024-12-23 09:37:52
|
«Қаламгер» баспаөз орталығының түлегімен онлайн – интервью
2021 жылдың 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспаөз орталығының оқушысы, 2012 жылдың түлегі Адина Хамармен онлайн-кездесу өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері. «Black & White» медиа компаниясы – Қазақстандағы бейнеөндіріс көшбасшыларының бірі. Компания өз жұмысын 2013 жылы бастап, осы уақыт аралығында 200-ден астам бейнежобаларды жүзеге асырды. Бұл деректі және корпоративті фильмдер мен имидждік бейнероликтер. Адина ауқымды жобалар, оның ішінде қойылым-ойын, деректі, инфографикалық, анимациялық бейнеөнімдер жасау жұмыстары бойынша басшылық етеді. 2020 жылда жұмысының басты тақырыптары еріктілер және салауатты өмір салты болған екен. «Каламгер» тілшілері медиакомпанияның бейнежобаларын қарап, Адинаға сұрақтар қойып, болашақ мамандықтарына байланысты кеңестер алды. - Балалар армандаңдар, батыл болыңдар, кітап көп оқыңдар, алға қойған мақсаттарына жетіп, тек алға ұмтылыңдар! Өз кәсіптеріңді сүйіңдер, өз істерінің майталман маманы болыңдар, - деп кеңес берді «Black& White» медиакомпаниясының продюсері Адина Хамар. Онлайн кездесуге жас тілшілер және олардың ата-аналары, сонымен қатар Павлодар қаласы №35 ЖОББМ-нің ұстазы, Адинаның оқытушысы Қалқа Жунуспаева қатысты. |