Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23878472
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8641 26581 105630 23518970 190015 579883 23878472 Сіздің IP: 216.73.216.180
Уақыт: 2026-09-13 13:18:43
|
Оқушылар сарайының астроклубы жаңа оқу жылына тәрбиеленушілерді қабылдайды
М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубы жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдауды бастады. Астроклуб осы жылдар ішінде көптеген балалар өздерінің таланттары мен қабілеттерін ашты, ал кейбіреулері астрофизика мамандығын таңдап, сол арқылы болашақ аспан зерттеушілерінің қатарына қосылды. Өткен оқу жылында астроклубқа көп жылдан бері жүрген екі түлек оқуларын аяқтады. Шукенов Ерназар – облыстық көпсалалы мектептің оқушысы, аталмыш мектепті физика пәнінен үздік бағамен, алғыс хатпен аяқтады. Ерназар Назарбаев университетінде оқуын жалғастырады. Мельниченко Богдан, Павлодар қаласы №1 ЖОМ-нің оқушысы, Санкт-Петербург қаласындағы мемлкеттік университеттің «Астрономия» пәні бойынша бюджет факультетіне оқуға қабылданды, бірақ өз елінің жоғары оқу орынын таңдау үстінде. Ерназар мен Богдан астроклубтың барлық іс-шараларының белсенді қатысушылары болды. Астроклубтың оқушылары Хасенов Аспандяир, Сибилев Кирилл және Браун Илья маусым айында «Бөбек» орталығының Обсерваториясында жазғы мектептің оқуына қатысты. Жазғы мектепте еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 оқушы білім алды. Бұл сабақтарды ең үздің ғалым-астрофизиктер өткізген болатын. Жазғы мектептің соңында республиканың олимпиадалық резервін қалыптастыру бойынша іріктеу жұмыстары жүргізілді. Бұл іріктеуде ерекше көзге түскен Алматы қаласының НЗМ-нің лицей оқушлары, Петропавл қаласының «Самопознание» гимназия оқушылары және Павлодар қаласы «Антарес» астроклубының оқушысы Сибилев Кирилл. |














