Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734923
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4420 15540 4420 15471449 389286 367126 15734923 Сіздің IP: 18.190.239.189
Уақыт: 2024-12-23 05:50:57
|
Аяз Ата шеберханасы
Баршамыз қуана күтетін Жаңа Жыл мерекесі қарсанында М.М.Катаев ат. Балалар сарайында «Аяз Ата шеберханасы» ашылды. Мерекеге ойдағылай дайындалып, мерекенні дәстүрге сай қарсы алу үшін бар өнерін көрсету қажет, сондықтан шеберхана өз жұмысын бастады. Шеберханада балалар эстетика бөлім педагогтары басқаруымен жақсы көңіл-күй сыйлау үшін түрлі ойыншықтар, мерекелік ашық хаттар жасап отыр, түрлі қызықты газеттер шығаруда, ал ең тартымды ойыншықтардың бірі - келе жатқан жаңа жылдың символы сүйкімді де, мейірімді де қой.
Сонымен қатар балалар арт-тренингтерге қатыса алады, мұнда олар шығармашылық қабілеттеріп көрсетіп, қызықты тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, балауыз шамдарды әшекелеу немесе ыдысқа өрнек салу. Балалар жаңажылдық кейіпкерлерін түрлі техника арқылы бейнелейді: сурет салу, графика, инсталляциялар. Педагогтар мен балалардың шығармаларын оқушылар сарайында ұйымдастырылған кішігерім көрмелерден көруге болады. Осындай әшекейлер арқылы біздің сарайымыз тіпті қысқы ертегісіне айналды. жан-жақтан, әр бұрыштан бізге шыршалардың жанында тұрған пингвиндер, айдахарлар көз қырын салады. Айналамыз толған қар бүршіктері, қызықты рождестволық бұйымдары және жаңажылдық әшекейлер. «Қыс өрнектері» атты бейнелеу және декоративтік-қолданбалы жұмыстар көрмесіне 200-ден астам ұсақ-түйектер дайындалған. Олар түрлі техникалар арқылы жасалған: сурет, мүсіндеу, матамен, қауырсынмен, фетрмен, мақтамен, жіппен, қатырма қағазбен және жылтырақпен жұмыс істеу. «Аяз Ата шеберханасында» педагогтар түрлі бұйымдар жасау барысында өткен ғасырларда Жаңа жыл мерекесін қарсы алу тарихы туралы әңгімелер айтады. ХІХ, ХХ ғасырлардағы жаппай Жаңа жыл мерекелері, кеңес дәуіріндегі шырша меркелері, Аяз Ата мен Ақшақар кейіпкерлерінің тарихынан. Шеберхана мерекеге дайындық бүкіл күндері өз жұмысын жүргізеді. Және де шеберхана ең үздік жаңажылдық кәдесыйын анықтау үшін ұйымдастырылатын «Жаңа жылдық калейдоскоп» атты сайысын өткізу алаңшасына айналады. Осы сайыстың қорытындысы желтоқсан айының соңында шығарылады. Үлкен зал фойесінде жаңа жылдық ертеңгіліктеріне соңғы дайындық сәттері өтіп жатыр. Дизайнерлер шыршаны әшекелеуде және мұнда жаңа жылдық бағдарламаларының жаттығулары болып жатыр. Бағдамаларға шығармашылық бөлім ұжымдарымен қатар сарайдың жас педагогтары, Облыстық балалар ұйымы және Балалар бейбітшілік орталығы қатысады. Балалар сарайының киім бөлмесінде ең үздік шеберлер жұмыс істейді. Бұл тіпті Аяз Атаның Сәндер Үйіне айналған, мұнда Аяз Атаның киім-кешегін дайындау сиқырына қол жетізіп, сиқырлы дефилеге қатысу мүмкіндігі бар. Киім бөлмесінде жаңажылдық кейіпкерлерінің жаңа киімдері дайындалған: Ешкі, басқа планета өкілі, Спанч-Боб, Қар Ханшайымы, түрлі дәуір ертегілерінің кейіпкерлері. «Ең күрделі жұмыс - Ақшақар киімін тігу болған. Осы жұмыс тіпті біздің шеберлеріміздің жетістігі» - деп, «Креатив» дизайн-студияның жетекшісі Лаура Сыздыкова баға береді. Біздің сарайымыз Жаңа Жылды қарсы алуға дайын. Хош кел Жаңа Жыл! |