Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15731409
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 906 15540 906 15471449 385772 367126 15731409 Сіздің IP: 18.119.158.110
Уақыт: 2024-12-23 00:42:39
|
Шебер қолдар көрмесі ашылды
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында оқу жылының басталуына орай эстетикалық бөлімінің тәрбиеленушілері мен педагогтары «Сәлем, Сарай» атты салтанатты көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге жас шеберлердің 250-ден астам жұмыстары ұсынылды. Көздің жауын алатын сәндік жұмыстар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнері бағыттары бойынша болған еді. Сонымен қатар бұл көрмеде «Достық шеберханасы» және «Атамұра» облыстық сайыстары жеңімпаздарының жұмыстары көрсетілген еді. Оқушылардың бойына патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін терең қалыптастыру мақсатында сәндік-қолданбалы бағыт бойынша Отан, Туған жер, Қазақстан туралы әдемі суреттер мен әшекей жұмыстар барша жұрттың назарында болды. «Сырмақ» ұлттық сән-қолданбалы студиясының оқушылары жасаған, ата-бабамыздан мирас болып қалған ою-өрнектері барша жұртышылықты таң қалдырды. «Декор» шығармашылық үйірмесі бисерден, декупаж техникасында және фомиараннан керемет бұйымдар жасады. Ал «Палитра» және «Сымбат» бейнелеу студиялары түрлі-түсті саз балшықтан, бояулар мен қауырсыннан әр түрлі техникаларда жұмыс орындады. - Оқушылар сарайының көрме залында болсаңыздар, әрдайым ұмытылмас әсер алып, көңілдеріңіз жайдарлы болады. Өйткені, бұл көрмеде әрбір оқушы өз он саусағымен жасаған авторлық туындысын ұсынып отыр, - дейді эстетика бөлімінің меңгерушісі Татьяна Фирсова. |