Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12640088
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12763
29268
99037
12290016
334253
367470
12640088

Сіздің IP: 34.230.68.214
Уақыт: 2024-03-28 15:43:22

Облыс мектеп психологтарының бірінші ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Первая научно-практическая конференция психологов школ области Первая научно-практическая конференция психологов школ области
Первая научно-практическая конференция психологов школ области Первая научно-практическая конференция психологов школ области

28 сәуір күні Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен, «Психологиялық қызмет: өзекті мәселелері және келешекте дамуы» бірінші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Павлодар және Ақсу қалаларынан, Шарбақты, Ертіс, Лебяжі, Қашыр, Железин, Ақтоғай және Павлодар аудандарынан 60-тан аса психологтар қатысты.

Конференцияда психологиялық қызмет көрсетудің қарама-қайшылықтары мен келешегі, оның мектепте денсаулық сақтаушы ортаны жасаудағы рөлі туралы кәсіби диалог өтті. Жастар субмәдениетінің пайда болуының себептері, жасөспірімдердің тұлғасын қалыптастыруда Интернет пен отбасылық тәрбиелеудің әсері жайлы мәселелер қозғалды. Бірегей әдістемелер мен инновациялық технологиялар бойынша шеберлік сабақтары сұранысқа ие болды. Конференцияда Күлшарипова Зару Қасымқызы – ПМПИ психология кафедрасының доценті, Ксембаева Сәуле Камалиденқызы – п.ғ.к., С. Торайғыров ат. ПМУ профессоры, Матаев Берік Айтбайұлы ПМПИ аға оқытушысы және қала мен облыс мектептерінің 13 мектеп психологы сөз сөйледі.

Қосымша білім беру ұйымдары мен ЖОО-ның, мектеп психологтары үшін бірыңғай әдістемелік орталықты құру туралы бастамасымен, ПМПИ психология кафедрасының доценті З.К. Күлшарипова сөз сөйледі. Оның бастамасын қатысушылар қолдады. Психологтар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, ғылыми-тәжірибелік конференцияның жыл сайын өткізілуі туралы тілектерін білдірді.

Түсініктемелер қосу