Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15750581
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 339 19739 20078 15471449 404944 367126 15750581 Сіздің IP: 3.144.28.90
Уақыт: 2024-12-24 00:27:52
|
Дарындылар үшін «даңқ минуты»
2016 жылдың 31 наурыз күні мүмкіндіктері шектеулі балалар, көп балалы отбасының және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, ерекше қабілеттері мен дарындарын «Даңқ минуты» атты таланттар мерекесінде көрсете алды. Фестиваль М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында өтті. Фестиваль ұйымдастырушылары Оқушылар сарайының Балалар бейбітшілік орталығы болды. Іс-шара «Ең үздік еріктілер отряды» атты облыстық жобасының шеңберінде өткізілді. Жоба бағдарламасының талабы бойынша өз аудандарының талантты жастарын еріктілер қатарлары таныстырды. - Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар қоғамда өздерін еркін сезіну керек. Мүмкіндіктері шектеулі немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған бала болсын, барлықтары бақытты балдырған болуы керек. Біз еріктілер, осындай ерекше балалардың таланттарын ашып, «Даңқ минуты» атты іс-шараларды ұйымдастырамыз, балалардың ішкі қабілеттерін ашамыз, - дейді Балалар бейбітшілік орталығының басшысы Самал Сулейменова. Фестивальде талантты жастармен танысу екі кезең арқылы өтті: бірінші еріктілер қатарлары таныстыруды көрсетсе, ал кейін белсенділер балалар хоббиін көрсетті. Фестивальде оқушылар ән айту, көркемөнер қабілеттерін және қасықпен ойналатын ойындар көрсетті. Қашыр ауданының «Еріктілер» қатары Руслан Ишмулиннің бұлбұл дауысын көрермендерге паш етті. «Көмек» еріктілер қатары көрермендерді Арман көпбалалы отбасының балаларын, №40 ЖОМ-нің оқушыларын қолөнердің түрімен таныстырды. Балалар мүгедегі Виталий Антонов сайқымазақ кейіпінде Чернорецк №2 мектебінің «Жас патриоттар» қатарын таныстырды. «Даңқ минуты» атты фестивальде 104 оқушы қатысты, оның 37 баласы денсаулықтарында мүмкіндіктері шектеулі балалар. «Даңқ минуты» атты шоудың әрбір қатысушы номинациялармен бағаланды. |