Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15750491
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 249 19739 19988 15471449 404854 367126 15750491 Сіздің IP: 3.139.236.144
Уақыт: 2024-12-24 00:20:38
|
Сөз өнері
2016 жылдың 29 наурыз күні Павлодар облыстық М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Бала би» облыстық шешендік өнер сайысының финалы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар - «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымы мен М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы. - Қазіргі таңда әрбір бала мемлекеттік тілде сөйлеп, өз ойларын толық жеткізе алу керек. Біз «Бала би» жобасын өткізе отыра, оқушыларды көркем сөйлеп, шешендік өнерге баулығымыз келеді, - дейді «Бала би» жобасының ұйымдастырушысы, әдіскер Динара Жаканова. Үш турдың қортындысы бойынша, облысымыздың жалпы білім беру мектептерінің ішінен қазақ тілінде жетік сөйлей алатын, ең үздік шешен оқушылар іріктеліп алынды. Байқаудың әрбір кезеңі көрермендерге өте қызықты болды, өйткені оқушылар сөз өнерлерін және көпшілік алдында жасқанбай өз ойларын ортаға салып, дауласа алу қабілеттерін көрсете білді. Шешендік өнер сайысының шығармашылық додасына облысымыздың қала және аудандарынан 19 команда өтініштерін білдірді. Оның ішінен 6 команда финалға өтті. Олар: Павлодар қаласы №№ 12, 35 ЖОМ, Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ, Ақтоғай ауданы балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы, Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы ЖОМ, Ақсу қаласы Үштерек ЖОМ-нің оқушылары еді. Сайыстың финалдық турында жеңімпаздар анықталды. I-ші орын Павлодар қаласы №35 ЖОМ-нің командасы Жылқыбай Шыңғыс пен Шаймолда Ұлжанға тиесілі болды. Жас шешендер қазылар алқасын сөз байлықтарымен, суырып салма ақындық қабілеттерімен таң қалдырды. Жылқыбай Шыңғыс өзінің билер, жыраулар, ақындар туралы сөзінде мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін жиі қолданды. Қазылар алқасының бағалауынша Шыңғыстың монологтары басқа шешен балаларға қарағанда өте ерекше, әрі әсерлі болды. II-ші орын Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ-нің командасы – Сержан Хұндыз бен Болатхан Серікбол жеңіп алды. III-ші орынды Павлодар қаласы №12 ЖОМ-нің командасы Қадыр Гүлнұр, Кәрібай Нұрбек және Ақтоғай ауданы балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығының командасы Асылбек Оразхан мен Бағзат Еркежан бөліп алды. Астана қаласында өтетін республикалық шешендік өнер сайысында қазылар алқасының шешімімен Павлодар облысын №35 ЖОМ-нің оқушысы Жылқыбай Шыңғыс пен Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ-нің оқушысы Болатхан Серікбол таныстырады деп ұйғарылды. Облыстық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау 2016 жылдың 19 мамыр күні «Мектеп омбудсмені» жобасының аяқталу шеңберінде өтеді. |