Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16415548
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9417 20398 67524 16078164 96226 460667 16415548 Сіздің IP: 18.216.176.25
Уақыт: 2025-02-07 17:54:45
|
Жылулық сыйлау
Қазақстанда алғаш рет тойланатын Алғыс айту күңі қарсаңында Оқушылар сарайының «Қаламгер» баспасөз орталығының тілшілері Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып қайтты. Жас тілшілер және олардың жетекшілері Әсем Аипова балалар үйіне барған қадамдарының басты мақсаты, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға жылулық пен мейірімділік сезімін сыйлау болды. «Қаламгер» студиясының жетекшісі Әсем Аипова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Оқушылар сарайының жұмысы туралы ақпар берді. Содан кейін барлық тәрбиеленушілер «Қазақстан-Павлодар» телеканалының журналисттері мен операторлары дайындаған бейнефильмді тамашалады. «Жас тілші» радиохабары және балалар-жасөспірімдер газеті жайлы «Қаламгер» баспасөз орталығының жұмысы туралы тілшілер өздері баяндады. Олар «Твой мир» газетінің соңғы саның балаларға сыйлыққа әкелді. Бұл нөмірде «Аққайнар» үйінің тәрбиеленушісі Юрис Марияның шығармасы басылған еді. 8 Наурыз мерекесімен өз педагогтарын ерекше құттықтағысы келген Альбина есімді қыз баланы тілшілер «Жас тілші» радиохабарына шақырды. Тілшілер балдырғандармен журналистикаға байланысты ойындар жүргізіп, оларға тәтті сыйлықтар, кеңсе тауарларын және шарларды сыйлыққа берді. Аталмыш кездесуден балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Сарай тілшілері тамаша көңіл-күй алды.
|