Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20631932
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6422 12349 6422 20361407 399610 381361 20631932 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-29 10:45:26
|
«Бала би» шешендік өнер сайысы
2016 жылдың 25-26 қаңтар күндері М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Жас Ұлан» біріккен балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесе отыра облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысының іріктеу кезеңін өткізді. Конкурстың басты мақсаты қазақ тіліне деген сыйластықты тәрбиелеу, Тәуелсіз еліміздің көшбасшыларын шешендік өнерге баулу. Конкурста Лебяжі, Баянауыл, Шарбақты, Ақтоғай, Ақсу, Павлодар ауданынан 8-10 сыныпта оқитын жалпы білім беру мектептерінен және «ЖасҰлан» біріккен балалар-жасөспірімдер ұйымдарынан 38 оқушы, барлығы 19 команда қатысты. Іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша 26 ақпанда өтетін жартылайфиналға 10 команда өтті. Жартылайфиналда Лебяжі ЖОМ, №10 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Ақтоғай ауданы балалардың бос уақытын қамту орталығы, Баянауыл ауданы З.Ақышев атындағы ЖОМ, Паврамоновка ЖОМ, Ақсу қаласы Үштерек ЖОМ, Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ, Павлодар қаласы №№12,35,40 жалпы білім беру мектептерінің оқушылары кездеседі. Облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысының жеңімпазы Астана қаласында өтетін Республикалық «Бала би» сайысына жолдама алады. |














