Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15731672
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1169 15540 1169 15471449 386035 367126 15731672 Сіздің IP: 3.14.249.191
Уақыт: 2024-12-23 00:55:56
|
«Адам құқықтарының күнтізбесі»
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2016 жылдың 21 қаңтар күні «Адам құқықтарының күнтізбесі» атты мектеп омбудсмендеріне арналған тренинг өтті. Іс-шара «Мектеп омбудсмені» атты облыстық жоба шеңберінде болды. «Адам құқықтарының күнтізбесі» ұйымдастырушылары Динара Жаканова және Айжан Оразбаева тренингінің қатысушыларына адам құқықтарының көптеген аспектілері туралы, мерекелер, бала құқықтарының Конвенциясы туралы ақпар берді. Тренингтің бірінші кезеңінде мектеп омбудсмендері құқықтық бағыт бойынша бейнематериалды тамашалап, адам құқықтары туралы ерекше күндері бар күнтізбе жасады. Екінші кезеңде тренинг жетекшілері балаларға арналған ақпараттың жаңа түрін талқылауға кірісті. Тренингтің ересек қатысушыларына облыстық Оқушылар Сарайы бойынша экскурсия жүргізілді. «Адам құқықтарының күнтізбесі» атты тренингіне Павлодар ауданы Ямышев ЖОМ, Май ауданы Жалтыр ЖОМ, Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ, Павлодар қаласы №№ 1, 4, 5, 9, 13, 18, 15, 19, 21, 22, 24, 25, 28, 29, 31, 35, 36, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейлерінің оқушылары қатысты. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Оқушылар сарайында «Мектеп омбудсмені» атты жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылды. Аталмыш жоба аясында Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларына «Құқық білгірлері», «Құық мобильі», «Адам құқығының жарнамасы» атты құқық бағыттары бойынша шеберлік-сыныптар, оқулар, мектеп омбудсмендеріне арналған байқау-конкурстары жүргізіледі. 2016 жылдың 30 сәуір айында «Мектеп омбудсмені» атты жобасының қортындысы жоспарланып отыр. |