Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974436
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 506 5464 21969 15648833 115781 513018 15974436 Сіздің IP: 18.118.138.113
Уақыт: 2025-01-08 00:17:59
|
Ашық есік күндері
М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы 5 қаңтар күні қысқы каникулдың қызған кезінде павлодарлық оқушылардың уақыттарын тиімді өткізу үшін шақырды. Оқушылар сарайының әдістемелік бөлім және эстетикалық бөлім педагогтары мен әдіскерлері балаларға арналған ойындар, тренингтер, шеберлік-сыныптар мен шығармашылық кездесу бағдарламасын ұйымдастырды. «Новогодний карнавал» атты ойын бағдарламасы Оқушылар сарайында ашық есік күндерінің бастамасы болды. Елена Мирзоян, Елена Каркавина, Васелина Дмитриева, Евгения Леденёва, Лаура Сыздыкова және Анна Гоголь сияқты педагогтардың көмегімен балалар мерекелік шаш үлгісі мен бет әрлеуді, мерекелік кәдесыйлар, әшекей бұйымдарын жасады. Қолдан жасалған ойыншықтар мен әшкейлерді Оқушылар сарайының кіші залында тұсауын кесті. «Кітап хандығына саяхат» атты шығармашылық алаңында педагог Татьяна Суворовамен балалар «Жұмбақтар», «Мақал-мәтелдер», «Ертегілер», «Ойын», «Мультфильмдер» атты станцияларында болды. Марина Юрченконың «Білу+сезіну+ойлану» атты шеберлік-сабағында балалар өлең шумақтарын құрастыруды үйренді. Марина Коржованың «Я самый лучший» атты тренингінде оқушылар өзін-өзін бағалауын үйренді. Елена Вайберттің «Ақ сауысқан» клубының сабағында оқушылар Павлодар облысының суретшісі Александр Колодиннің шығармашылық өмірімен танысты. Бұл күні Оқушылар сарайына Павлодар қаласының мектептерінен 54 оқушы қатысты. |