Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15730927
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 424 15540 424 15471449 385290 367126 15730927 Сіздің IP: 18.222.179.96
Уақыт: 2024-12-23 00:20:00
|
«Ақ сауысқан» суықтардан қорықпайды
«Ақ сауысқан» суықтардан қорықпайды 2016 жылдың 5 желтоқсан күні «Ақ сауысқан» баспа-клубының кезекті отырысы болды. Аталмыш кездесу Павлодарлық Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің «ашық есік» күні аясында өтті. Дәстүрлі шығармашылық мерекелердің ұйымдастырушысы балалар баспа-орталығының жетекшісі Елена Вайберт еді. Бұл жолғы кездесудің қонағы атақты павлодарлық суретші, режиссёр, педагог Александр Колодин атанды. Оқушылар кездесуде Александр Иванович Сібір қаласында дүниеге келгені туралы, үш жасынан бастап сурет салуды, Орал қаласында білім алғаны туралы, сонымен қатар жарты ғасырдан астам Павлодар қаласында тұрғаны туралы ақпар алды. 70-жылдар аралығында Александр Колодин пионерлер Сарайында «Метроном» театр студиясының жетекшісі болып, кейін А.Чехов театрының директоры болып қызмет атқарды. Ол Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, сонымен қатар 1996-2011 жылдар аралығында халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық сайыстардың жеңімпазы, «Жылдың шығармашыл тұлғасы» атты атағының иегері. 2012 жылы «Сәлем» балалар кітабы үшін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы атынан республикалық жүлдеге ие болды. «Ақ сауысқан» балалар баспа-клубының кейіпкерлері, атақаты павлодарлық суретшілер, музыканттар, тілшілер, ақындар, қоғам қайраткерлері – осыдан көп жылдар бойы қала мектептерінің тілшілерін және Оқушылар сарайының тілшілерінің басын қосты. Бұндай кездесулер арқылы болашақ тілшілер қызықты ақпараттарға қанық болып, балалармен танысып, сұрақ қоя білуді үйреніп, өзінің БАҚ материал іздей біледі. Күннің суығына қарамастан «Ақ сауысқан» клубы 40-тан астам оқушыларды жинады, олар, балалар баспа-орталығы, «Луч» шығармашылық бірлесітігі, №6 ЖОМ-нің және №34 ЖОМ-нің оқушылары мен Оқушылар сарайының педагогтері еді. |