Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18615704
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8127 16588 69024 18324797 39272 307313 18615704 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-03 14:33:59
|
Әйел адамдар - болашақ үшін
8 желтоқсанда М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Формирование стрессоустойчивого поведения женщины в семье» атты практикалық семинар өтті. Семинар әйелдерге қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы Халықаралық күніне арналды. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімі және осы бөлім жетекшісі Торощина Лилия Леонидовна, психолог Коржова Марина Алексеевна аталмыш шарада басшылық етті. Семинарға Павлодар қаласының әлеуметтік педагогтары мен әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, директорлардың тәрбие жөніңдегі орынбасарлары қатысты. Семинарда «Әйелдер-болашақ үшін» атты қоғамдық бірлестіктің төрағасы Бороздина Жанна Юрьевна жанұяда әйелге зорлық туралы, қоғамдағы түрлі зорлықтың түрлері туралы сөз сөйледі. Жанна Юрьевна әйел адамдарға өмірде кездесетін дағдарыстан шығудың жолдары жайлы кеңес берді. Оқушылар сарайының әдіскері, Астана қаласы Жанұя тәрбиесі Институтының түлегі Оразбаева Айжан Жұмағұлқызы, жанұядағы балаларға қарсы зорлықтың шығу салдары жайлы, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға ақпар беріп, кеңестер таратты. Семинар әйел адамдардың қоғамда, жанұяда, жұмыстағы қауіпсіз мінез-құлықы туралы психологиялық тренингпен аяқталды.
|