Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22525758
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4019 6555 10574 22308127 10574 338951 22525758 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2026-06-02 14:38:35
|
Жас көшбасшылар Астанада кездесті
Астана қаласында балалар-жасөспрімдер қозғалысының белсенділері үшін «Ұланымыз Ұлы елдің» аты Республикалық форумы өтті. Іс-шара шеңберінде қатысушылар бұқаралық шаралардың дайындығы мен өткізу туралы пікір алмасып, жобалық жұмыс бойынша тәжірибелермен алмасты. Аталмыш форум балалар ұйымдарының презентациялар мен жобаларының әмбебап алаңына айналды. Павлодар облысын форумда жалпы білім беру мектептерінің келесі көшбасшылары таныстырды: олар, Мадина Бакирова - Павлодар қаласы №35 ЖОМ-нің оқушысы, Софья Ахметжанова - Павлодар қаласы №25 ЖОМ-нің оқушысы, Диас Ермеков - Лебяжі ауданы, Лебяжі ЖОМ-нің оқушысы, Анна Адарченко - Қашыр ауданы, А.Текенов атындағы Қашыр ЖОМ-нің оқушысы. Форумның қортындысы бойынша Павлодар облысының делегациясы «Ең өркениетті топ» номинациясы бойынша Дипломға қол жеткізді. Павлодар облысының оқушылары Мәдина Бакирова мен Софья Ахметжановалар спорттық эстафета бойынша екінші орынға ие болды. Іс-шараның бірінші күні қатысушылар бір-бірлерімен танысып, өз ұйымдары туралы айтып, «Көшбасшылық мектеп» жайлы семинар-тренингтер өтіп, келесі жылға жұмыс жоспары бекітілді. Форумның екінші күні қатысушылар «Знаниевый реактор» атты «миға шабуыл» жаңа заманауи технологиямен таныс болды. Осы күні балалар қозғалысының белсенділері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында спорттық эстафета мен экскурсия өткізілді.
|














