Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24589752
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
14650
20795
63066
24318214
373672
527623
24589752

Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 21:31:25

«Чернобыль. Қайталанбас үшін есте сақатау»

«Чернобыль. На грани невозможного…» «Чернобыль. На грани невозможного…»

2015 жылдың 20 қараша күні М.Катаев атындағы Павлодарлық Оқушылар сарайында «Чернобыль. Қайталанбас үшін есте сақатау» атты тақырыбында мәнерлеп оқудан облыстық конкурс өтті. Іс-шараға Павлодар, Ақсу, Қашыр, Шарбақты, Ақтоғай және Лебяжі  аудандарынан 32 үміткерлер  келді. Павлодар қаласынан №№  4, 6, 7, 9, 13, 15, 17, 22, 26, 28, 31, 39, 41, 42 мектептерінен және Заринск жалпы орта білім беру мектептерінен келген оқушылар жарысқа түсті.

Әдеби шығарманың тақырыпқа сай болуын, мәнерлеп оқу шеберлігі және дикция мен әртістік қабілетті келесі қазылар алқасы бағалады: Қазақстан Республикасы «Союз Чернобыль» заңдық тұлға ассоциясының төрағасы Виктор Деймунд, Чернобль АЭС жоюшы, ақын, Мурат Сабитов, М.Катаев атындағы «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі Марина Юрченко.

«Чернобыль. На грани невозможного…» «Чернобыль. На грани невозможного…»

Конкурс қортындысы бойынша 1-4 сыныптар арасындағы жас ерекшелік категориясында I-ші орынды Ақсу қаласы, Айнакөл орта мектебінің оқушысы Султанбек Мурат иеленді. 5-8 сыныптар арасындағы жас ерекшелік категориясында I-ші орын Ақсу қаласы, Ақжол ЖОМ-нің оқушысы Карина Петросянға тиесілі болды. II – орынға Қашыр ауданы, Теренкөл ауылының Ёлгин атындағы №1 ЖОМ-нің оқушысы Амина Бактыбай, Павлодар қаласы №22 ЖОМ-нің оқушысы Камила Бекжан және Павлодар қаласы №17 ЖОМ-нің Аида Жусупбековалар қол жеткізді.

III-ші жүлделі орынға ие болғандар: Ақсу қаласы,Үштерек ауылының келген Лидия Головянко, Павлодар қаласы №41 ЖОМ-нің оқушысы Аружан Исмагулова, Павлодар қаласы №28 ЖОМ-нің оқушысы Татьяна Марченко, Павлодар қаласы №13 ЖОМ-нің оқушысы Кирилл Степанов, Павлодар қаласы №6 ЖОМ-нің оқушысы Нэля Рамазанова иеленді.

9-11 сыныптар арасындағы жас ерекшелік категориясында I-ші орын Лебяжі ауданы Қазантай ауылының ЖОМ-нің оқушысы Айдана Болат иеленді. II-ші орынды Павлодар қаласы №39 ЖОМ-нің оқушысы Анастасия Гуляева иеленді. III-ші орында Павлодар қаласы №26 ЖОМ-нің оқушысы Владислав Ломадзе иеленді. «Чернобыль. Қайталанбас үшін есте сақатау» атты конкурсы облыстық жобасы негізінде өткізілді. Бұл жоба Оқушылар сарайында осы оқу жылында іске асырылды. Оның мақсаты атом энергетикасының тарихында ірі техногендік апат туралы ақпар беру. Бұл жобаның авторы – Оқушылар сарайы «Шаңырақ» скаут орталығының жетекшісі Мария Ишмухаметова.

2016 жылдың қаңтар айында «Чернобыль. Қайталанбас үшін есте сақатау» облыстық жобасының екінші кезеңі өтеді. Балалар Чернобль апаты туралы өздерінің қалам ұшынан туған өлең жолдарын тағы бір мәрте оқитын болады.

Түсініктемелер қосу