Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар13822353
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 955 14123 58256 13533469 253661 319704 13822353 Сіздің IP: 3.133.134.121
Уақыт: 2024-07-28 01:17:28
|
Жаңа ұрпақтың көшбасшылары
2015 жылдың 6 қарашасында Павлодар қаласының көшбасшылары М.Катаев атындағы облыстық оқушылар Сарайында жиналды. Кездесудің себебі «ЖасҰлан» қалалық мектеп белсенділері ұйымдастырған «Жасұлан күні» деп аталатын ойын болды. Мереке жалпыұлттық мәдени-білімдік «Ұрпақ+» жобасы шеңберінде өтті. М.Катаев атындағы балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бойынша бөлімі жоба аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты жобасын дамытты. Іс-шара «Көшбасшылар форматы» атты станциялар бойынша ойын формасында өтті. Оқу кабинеттерінде «Тау шыңы», «Данышпан суретші», «Француз қадамы», «Өрмекші», «Миксер», «Мүсін», «Алдамшы алма», «Мәре» атты 9 станция орналасты. Ойынның әр кезеңінде жас көшбасшылар қоржынына ұпай жиналатын сынақтар дайындалды. Қортындысында қатысушылар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты қалалық жобасынан сынақ кітапшаларына ие болды. Ойынға Павлодар қаласының 28 мектебінен 245 оқушы қатысты. Бұндай мерекелік іс-шаралар жасөспірімдердің шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту үшін өткізіледі. Аға тәлімгерлер оқушыларға тек қана ұжымдық жаттығулар өткізуімен қатар, болашақта нағыз ұйымдастырушы-көшбасшы болуға үйретеді. |