Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15732178
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1675
15540
1675
15471449
386541
367126
15732178

Сіздің IP: 13.58.84.207
Уақыт: 2024-12-23 01:19:44

Күшіміз – ынтымақтастықта!

Сила - в сплоченности! Сила - в сплоченности!

29 қазан күні М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында «Балалар тұлғасын қалыптастыруда білім беру жүйесі ұйымдарының  өзара әрекеттестік тұжырымдамасы» тақырыбы бойынша қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, директор орынбасарларына  арналған облыстық оқу семинары өткізілді.

Семинар бағдарламасы мазмұнды және ақпаратқа мол болды. «Жоғарғы оқу орындары мен балалардың қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі» баяндамасымен  педагогикалық ғылымдарының кандидаты, ПМПИ ТжӘКО-дың кафедра меңгерушісі Құрабаева Фарида Алмырзақызы сөз сөйледі. Ол Павлодар облысы бойынша негізгі,қосымша және жоғарғы білім беру ұйымдарымен  желілік өзара әрекеттестіктің моделін ұсынды. Атап айтсақ, сертификаттарды бере отырып, әртүрлі бағыттағы біліктілікті арттыру курстарын, білім беру бағдарламаларын  рецензиялау, ЖОО-дағы студенттері үшін  қосымша білім беру педагогтерінің шеберлік сабақтарын өткізуді, оқушылардың, тәрбиеленушілердің және педагогтердің өздеріне  білім беру жобалары бойынша  ғылыми жетекшілік ету мен консультациялар жүргізу.

Сила - в сплоченности! Сила - в сплоченности!

ПМПИ-нің профессорлық – оқытушылық құрамы РҚБОӘО-ның курстарын, облыстық оқу семинарларын, ЖОО-ның студенттері үшін педагогикалық практикасын  өткізуге,  эксперттік кеңес отырысының жұмысына қатысуға Оқушылар сарайымен бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге дайын екенің хабарлады. Ф. А. Құрабаева ПМПИ сайт жұмысының тұсаукесерін көрсетіп, педагогтерге біліктілігін арттыруға арналған курстардың тақырыптарымен таныстырды.

ИнЕУ-нің аға оқытушысы Келдібекова Бибигүл Еркенқызы  «Шығармашылық қабілеттерді дамыту: кәсіби-бағдарлық  аспект» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Ол ИнЕУ журналистика кафедрасының Оқушылар сарайымен бірлесіп өткізген іс-шараларға тоқтады. «Жас қалам» жас журналистердің облыстық фестиваліне қатысуына тәрбиеленушілерді дайындауда және ИнЕУ-нің журналистика факультетіне түсуіне Оқушылар сарайындағы балалар баспа-орталығы, «Қаламгер» қазақ журналистика студиясы және «Жас Ұлан» облыстық балалар-жастар ұйымының  «Сенің әлемін - Твой мир» газеті редакциясымен  өзара әрекеттестік бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 

Сила - в сплоченности! Сила - в сплоченности!

С.Торайғырова атындағы ПМУ-ң педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы Самекин Әділ Серікбайұлының «Балалар мен жасөспірімдер дамуының дара және жас ерекшеліктері» баяндамасы семинар қатысушыларының оң пікіріне ие болды.

Жұмыс тәжірибесі: «Жалпы және қосымша білім берудің бірігуі арқылы бірыңғай білім беру кеңістігін құру» тақырыбына «Экология және туризм» БЖО әдіскері Болдишор Ирина Васильевна ұсынды. Ол тыңдаушыларды ықпалдандыру үлгілерімен, арақашықтық әрекеттестігімен және әлеуметтік серіктестігімен  таныстырды.

Сұхбаттық алаңда «Жастар бастамасын дамыту орталығы» КММ директоры Садықова Айгүл Абылайханқызы қосымша білім беру ұйымдары мен Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері бойынша «Жастар бастамасын дамыту орталығы» КММ басқармасымен өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қою бастамасын ұсынды.

Еуразиялық Скауттық комитетінің төрағасының орынбасары В.Г. Деймунд Павлодар облысының барлық қосымша білім беру ұйымдарына, және де балалар қозғалысын дамыту сұрақтары бойынша Оқушылар сарайы ынтымақтасуды ұсынды.

Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің «Пионериядан «Жас Ұланға» дейін», «Қосымша білім беруді ұйымдастыруда ең үздік педагогы»  облыстық жобаларың тыңдаушылар қызығушылықпен қабылдап, әрі қарай да әдістемелік кабинетпен, «Жас Ұлан» облыстық балалар-жастар ұйымының «Сенің әлемін – Твой мир» газетінің редакциясымен және Оқушылар сарайының әдістемелік кітапханасымен бірлесе жұмыс істеуге дайындықтарын білдірді.   

Семинар тыңдаушылары шартқа қол қоюмен ынтымақтасу бағдарламасын әрі қарай жасау қажеттілігі туралы жалпы пікірлерін айтты. «Шығармашылық тандем» сауалнамасында олар бірлесе жүргізу үшін әртүрлі жобалар, іс-шаралар өткізуді ұсынды. Тыңдаушылардың 98% алған ақпараттың тәжірибелік маңыздылығын атап, семинарды «жақсы» және «үздік» деп бағалады. Жұмыс қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

Семинарға Баянауыл,  Шарбақты,  Успен,  Ақтоғай, Ертіс,  Железин,  Қашыр және  Май аудандарынан, сонымен қатар Екібастұз, Ақсу және Павлодар қалаларынан 71 тыңдаушы қатысты.

 

Түсініктемелер қосу