Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18611466
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3889 16588 64786 18324797 35034 307313 18611466 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-03 06:06:44
|
Біліктілікті арттыру
2015 жылдың 19-20 қараша аралығында Қазақстанның барлық облыстарынан балалар мен жасөспірімдер ұйымының координаторлары, әдіскерлері, педагог-ұйымдастырушылары, тәлімгерлері біліктілігін арттыру үшін Астана қаласында өңірлік семинарға жиналды. Жастар саясаты департаменті, ҚР БҒМ қолдауымен «Жас Ұлан» республикалық штабы жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Білім беру ұйымдарында тәлімгерлерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында семинар өткізілді. Балалар қозғалысын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, аға тәлімгерлерді оқыту арқылы ұйымдастырушылар міндет қойды. Павлодар облысынан делегат құрамына 7 адам кірді. Олар М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайынан әдіскерлер мен педагог-ұйымдастырушылары, Лебяжі және Қашыр аудандарының балалар мен жасөспірімдер ұйымының координаторлары. «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жобаларымен семинар қатысушылары танысты. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім Депарментінің бас маманы Ибраева Стэлла Амангелдіқызы нормативті құжаттар туралы тыңдаушылар алдында сөз сөйледі. Павлодар облысының «Жас Ұлан» ББЖҰ өңірлік хатшысы Петрович Оксана және М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Жаканова Динара қатысушылар үшін «Кең әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесінің қазіргі таңдағы формалары мен әдістері» атты семинар тренинг өткізілді. Брифингте балалар қозғалысының дамытудағы өзекті мәселелерін жариялады. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
|