Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22630439
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7558 12966 7558 22408276 115255 338951 22630439 Сіздің IP: 216.73.216.76
Уақыт: 2026-06-15 17:21:13
|
«Қатыгездіксіз бен зорлықсыз балалық шақ»
2015 жылдың 13 қазан күні Оқушылар сарайында Балалар қоғамдық қабылдауының «Қатыгездіксіз бен зорлықсыз балалық шақ» атты алғашқы отырысы болды. Мемлекеттік және орыс тілінде өткен отырысқа № 5, 13, 16, 25, 28, 35 қала мектептерінен және Ақсу селолық округінің Қызылжар ЖООБМ-нен 70 –ге жуық оқушы келді. Оның мақсаты «қатыгездік» пен «зорлық» түсініктерін оқушылармен талқылау және өмірлік қиын жағдайлар кезінде шығу жолдарын бірлесе қалыптастыру. Оқушылар сарайының құқықтық бағыты бойынша әдіскер Оразбаева Айжан Жұмағұлқызы балаларға «Мен және менің құқығым» атты құқықтық сұрақ-жауап сайысын өткізді. Оқушылар құқықтық заңдылықтармен және олардың адам тұлғасы мен қоршаған ортада көріністерімен танысты. Оқушылар сарайының психологы Коржова Марина Алексеевна және әдіскер Муслимова Әсем Ержанқызы «Күйзеліс жағдайдағы мінез-құлық» атты псхологиялық тренингін ұйымдастырды. Тренинг барысында өмірлік жағдаяттар ұсынылды, бұл балалардың мінез-құлықтарын жаңа стильде қалыптастыруға мүмкіндік берді. Балалар қоғамдық қабылдау отырысының қорытындысы рөлдік қатынас деңгейін (рухани, ойын, айла-шарғылық және т.б.) арттыру, жағымды сезімдерді қалыптастыру, құқықтық жағдайларды талқылауда оқушыларды белсендендіру болып табылады. |














