Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22060611
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7930 9132 17062 21814478 212542 343241 22060611 Сіздің IP: 216.73.216.142
Уақыт: 2026-04-21 15:32:46
|
Күлу уақыты
Қазақстанда мүгедектер күні қарсаңында 6 қазан күні Павлодар облысының М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының балалар бейбітшілік орталығы мейірімділік күнін ұйымдастырды. Іс-шараның қонақтарына үйде оқитын балаларға және денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға станция бойынша ойын бағдарламасы өткізілді. М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Ровесник» клубының тәрбиленушілері «тірі дәлізбен» балаларды қарсы алу «Оң» станциясымен іс-шара басталды. «Жентек қар» ойынында барлық қатысушылар бір-бірімен танысып, оң зарядты сезім берді. «Ровесник» клубының балалары «Смайликтер» станциясында «Көңілді шапалақтар» арт-терапиясын қонақтар үшін өткізді. Келесі қозғалмалы станциясы «Фиксики» флэш-мобында шақырылған қонақтар мен ұйымдастырушылар биледі. Күзгі суреттер орындау техникасы Оқушылар сарайына келген балаларға бірегей сабақ болды. Осындай шығармашылық іспен балалар «Күзгі көңіл-күй» станциясында айналысты. Балалар бейбітшілік орталығының денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен мерекелік кездесу «Ғарыштық» станциясымен, Оқушылар сарайының обсерваториясына экскурсиямен, «Шоқжұлдыздар» фильмін көрумен аяқталды. «Time to smile» ойын бағдарламасына М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Ровесник» клубынан 10 бала, 10 ата-ана, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардан 6 адам қатысты. Балалар бейбітшілік орталығының директоры Сүлейменова Самал Сағатқызының айтуы бойынша барлық санаттағы балаларды мейірімділікке және шыдамдылыққа тәрбиелеуге, қолданбалы өнерді эстетикалық дағдыландыруға, аса өнегелі жас ұрпақты қайырымдылыққа үйретеді. |














