Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24588901
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13799 20795 62215 24318214 372821 527623 24588901 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 20:19:35
|
Облыс жастары, кел бірігейік!
2015 жылдың 23 қыркүйек күні М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қазіргі таңдағы тәрбиелік кеңістігін ұйымдастырудың қоғамдық бірлестіктегі балалар мен жастардың рөлі» атты тақырыпта мектептегі мұражай жетекшілері, мектептегі баспасөз орталығының жетекшілері, мектеп тәлімгерлері, «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының үйлестірушілері үшін облыстық оқыту семинары өткізіледі. «Заманауи тәрбие кеңістігінде балалар және жастар мүмкіндіктерін қолдану» атты тақырыбы аясында «Жас Ұлан» аймақтық біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының хатшысы Петрович Оксана Владиславовна баяндамысын ұсынды. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Шакиримова Вера Саттарқызы пионерлер қатарынан ЖасҰланға дейін балалар қозғалысының тарихы туралы өз презентациясында мәлімдеді. Оқушылар сарайының әдіскері Жаканова Динара Орынбасарқызы жалпақ жұртқа «Мектеп омбудсмені» атты жобасының тұсауын кесті. Семинар шеңбері аясында Оқушылар сарайының педагогтары мен әдіскерлері шығармашылық лабораториялар өткізді. Семинардың қатысушылары демократиялық азаматтық туралы, балалар құқықтары жайлы, мектеп мұражайлары арқылы патиротизмге тәрбиелеу тақырыптарын талқыға салды. Балалар журналистикасы бойынша шығармашылық зертханасында мектеп баспасөз орталықтарының өкілдері оқушылардың тәрбие барысында мектеп газеттеріндегі жаңалықтар туралы сұрақтарды қарастырды. «Бейбітшілік біздің ортамызда!» және «Бір шаңырақ астыңда» атты тақырыптарға сай оқушылармен шығармашылық зертханалар өтті. Аталмыш зертханалар соңында оқушылардың назарына 2015-2016 оқу жылына арналған облыстық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының «Табысқа апарар жол», «Үміт сәулесі», «Мектеп омбудсмені» және т.б. жобалары ұсынылды. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы Балалар бейбітшілік орталығының директоры Сүлейменова Самал Сағатқызы семинардың жас қатысушыларын бітімгершілікке қабылдау рәсімін жүргізді. Семинарда барлығы 57 педагог, 67 балалар болды. |














