Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15725643
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
10680
12744
97952
15337407
380006
367126
15725643

Сіздің IP: 18.188.195.90
Уақыт: 2024-12-22 18:58:24

Бейбітшілік үшін серіктестік

Партнерство ради мира Партнерство ради мира

2015 жылдың 21 қыркүйегінде Халықаралық бейбітшілік күніне арналған «Бейбітшілік үшін серіктестік – баршаға абырой» - деген ұранмен әлемдік қоғам өз іс-шарасын өткізді. Мерекенің негізін салушы – БҰҰ Бас Ассамблеясы, бұл мерекені салтанатты түрде «Бейбітшілік мұнарасы» маңында бастаса, ал Халықаралық бейбітшілік әлемі Павлодар аймағының бітімгерлері мен еріктілерді М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында жинады.

21 қыркүйек күні павлодарлық Оқушылар сарайында облысымыздың бітімгершілік қозғалысын қолдау мақсатында аймағымыздан 400-ге жуық колледждер, мектеп ұстаздары мен оқушылары жиналды. Іс-шараның ұйымдастырушылары мен бастамашылары Білім басқармасы, Павлодар облысының Халықаралық бейбітшілік қоры және Бейбітшілік балалар орталығы болды.

Партнерство ради мира Партнерство ради мира

Біздің еліміздің бейбітшілігі туралы «Казбат» бітімгерлік батальонының офицері Бауыржан Жоламанов, тыл ардагері Петр Николаевич Васин, қалалық Афганистан Одағының ардагері төрағасының орынбасары Александр Коновалов және әскери әуе-десанттық ардагерлер Одағының төрағасы Евгений Касенов сөз қозғады.

Жас бейбітшілік елшілері әскери кездесу қатысушыларының үндеуін тыңдады. «Халықаралық бейбітшілік қор» қоғамдық ұйымы облысымыздың барлық тұрғындарын біздің елде және шет елдерде болып жатқан жағдайларға көңіл аударуға шақырды. Кездесудің ұйымдастырушылары жиналған қауымды Халықаралық бейбітшілік қордың жұмысына белсенді қатысуға және бітімгерлік қозғалыстың қатарына кіруге шақырды.

Кездесудің қортындысында әскери қатысушылар БҰҰ-на жер-жаһанда болып жатқан барлық әскери қозғалыстарды тоқтату үшін шара қабылдауға үндеу тастады.

Түсініктемелер қосу