Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15711416
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9197
15223
83725
15337407
365779
367126
15711416

Сіздің IP: 3.145.99.58
Уақыт: 2024-12-21 17:40:46

Сарай жұмысын бастады!

Дворец на cтарте! Дворец на cтарте!

2015-2016 оқу жылында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында 7 қыркүйек күні  ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»: заманауи үлгі, тенденциялар және перспективалардың дамуы» жолдауын іске асыру аясында қосымша білім беру жүйесін жетілдіру тақырыбына арналған бірінші педагогикалық кеңес өтті.

Оқушылар Сарайының директоры А.Ж.Ерубаева «М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының қосымша білім беруін дамытудың стратегиялық жолдарының тиімділігін қамтамасыз ету» атты тақырыбына арналған баяндамасын мәлімдеді. Ол өткен оқу жылының қортындысын шығарып, Оқушылар сарайының және ұжымының жетістіктері туралы айтып, алдағы оқу жылының жоспарларымен бөлісті. Директордың баяндамадағы келтірген сандарға сәйкес, 2014-2015 оқу жылы Сарай үшін өте табысты әрі сапалы болды. (үйірмелерге 4000 – нан астам балалар қатысып, 338 - топ, 66 үйірме болды).

Сарай ұжымдары 29 халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдарға қатысып, 96 жүлдеге ие болды: оның ішінде 79 халықаралық және 17 республикалық.

Дворец на cтарте! Дворец на cтарте!

Сонымен қатар директор жаңа оқу жылында Павлодарлық Оқушылар сарайында кәдімгі обсерваториясы бар, заманауи астрономиялық бөлімнің жұмысын бастайтының ерекше бағалады.

«Бұл обсерватория бірегей оқу алаңына айналып, оқушыларға тек қана астрономия мен астрофизика негіздерін үйретіп қана қоймай, сонымен бірге ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді», - Алма Жұмабайқызы.

Ғылым және техника бөлімінің жетекшісі А.Жумажанова ғылыми техникалық бағыттың дамуы бойынша тақырыпты әрі қарай өрбітті. Ол астрономиялық және роботтехникасы бағыттарын қамтитын үйірмелердің ашылу жайлы сөз қозғады.

Балалар бұқаралық және скаут қозғалысының дамуы туралы әдіскерлер О.В.Петрович және М.Г. Ишмухаметова сөз етті.

Ақпараттық - баспа орталығының бірінші жылдық табысы туралы әдіскер А.С.Аипова бөлісті. Жаңа оқу жылында бұл орталық ауыл мектептеріне журналистика негіздері және компьютерлік дизайн бойынша қашықтан оқыту «Юниор-экспресс» атты жобасын іске қосады.

Облыстық маслихат пен облыстық оңалту орталығынан педагогтарға Н.Г.Григораш., Е.В. Леденева., Л.А.Сыздықоваларға алғыс хаттар табысталды.

Дворец на cтарте! Дворец на cтарте!

Педагогикалық кеңес  «Луч» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Д.Б. Даирбаев әзірлеген «2014-2015 оқу жылының қортындысы» туралы бейнефильмнің тамашалауымен және ұстаздар Оқушылар сарайының обсерваториясына экскурсияға баруымен аяқталды.

Түсініктемелер қосу