Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12643111
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
15786
29268
102060
12290016
337276
367470
12643111

Сіздің IP: 3.236.219.157
Уақыт: 2024-03-28 20:11:40

«Пионерлер қатарынан, Жасұланға дейін»

 

«От Пионерии до Жас Ұлана» «От Пионерии до Жас Ұлана»

18 маусым күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Пионерлер қатарынан, Жасұланға дейін» атты Павлодар Ертіс Өңірінің балалар қозғалысы тарихының жаңартылған мұражайы ашылды. Бұл күні пионерлер аға тәлімгерлері, комсомол және әр түрлі ұрпақтардың пионерлер жұмыскерлері В.С. Шакиримова, Е. В.Пушкарёва, Н.И.Фирсова, Л.И.Асеева, В.Ф. Аксёнова, М. М.Голышева., В. Г Хуако., Н. Н. Маракина  және тағы да басқалары кездесті.

Мұражай стендтері өткен ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болған облысымыздың бірінші пионерлер қатары туралы, Павлодар Оқушылар сарайының алғашқы жылдары және ашылу тарихы жайлы сөз қозғалды. Мұражайда пионерлер атрибуттары тулар, кернейлер, дағыралар, галстуктар, пионерлер формасы, сонымен қатар өткен жүзжылдықтың балалар қозғалысының әртүрлі құжаттары ерекше көзге түсті.

«От Пионерии до Жас Ұлана» «От Пионерии до Жас Ұлана»

Сарайда «Пионерлер даңқ мұражайы» 1982 жылы 17 мамырда ашылған.

70-80 жылдары пионерлер тарихында ерекше кезең боды. Бұл кезде пионерлерді қабылдау бойынша салтанатты рәсімдер өткізіліп, мектеп оқушыларына әр-түрлі экскурсиялар өткізілді, қала мен облыстың пионерлер белсенділері жиналды. 90-жылдардың тарихи өзгерістеріне байланысты өткен жылдардағы Павлодар облысының пионерлері жинаған мұражайдың құнды материалдары, қорға беріліп осы күнге дейін сақталып келді. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы республикамызда балалар қоғамдық қозғалысының дәстүрлерін жинап, сонымен қатар жаңашыл формасын тапқан орталық болып саналады.

«От Пионерии до Жас Ұлана» «От Пионерии до Жас Ұлана»

Көп жылдар бойы жиналған тәжрибелер  қазіргі таңда Қазақстанның «Жас Ұлан»  балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымының жұмысының негізіне енгізілген. Балалар қозғалысының тарихы сақталады, байытылады, өңделеді. 90-жылдар мен  жаңа ғасырда балалар мен жасөспірімдер туралы қызықты істері туралы жаңа материалдар пайда бола бастады. Қазіргі таңда павлодарлықтар өткен кезбен қайтадан керемет пионерлер еліне оралуға мүмкіндіктері бар.

Түсініктемелер қосу