Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15725782
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10819 12744 98091 15337407 380145 367126 15725782 Сіздің IP: 18.189.143.150
Уақыт: 2024-12-22 19:12:37
|
Педагогикалық идеялардың шеруі
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 2014-2015 оқу жылының «Шығармашылық тандем» облыстық мега-жобасының қорытындысы шығарылды. Мега-жоба «Авторлық бағдарлама» «Педагогикалық шеберлік» және «Эврика» атты конкурстың үш форматында өтіп қосымша білім беру мұғалімдерінің балаларды тәрбиелеу негізгі мазмұнының педагогикалық ойлардың ең үздігін айқындау болды. Конкурсқа 62 шығармашылық жұмыс түсті. Ертіс, Лебяжі, Баянауыл, Май аудандары және Екібастұз, Павлодар қалаларының педагогтары конкурстың ең белсенді қатысушылары болып танылды. Конкурстық жұмыстардың сараптамасын педагогика ғылымының кандидаты, ПМПИ-ның теория және кәсіби оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Фарида Альмырзиновна Курабаева, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Евразия Инновациялық Университетінің «Аудару ісі және шет тілдер тәжірибесі мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі Гульмира Абуовна Хамитова, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлтық орталығының аға оқытушысы Алем Жакеновна Несіпбаева. Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие және білім беру дамыту инновациялық орталығының әдіскерлері Балжан Магауяқызы Солтанова және Самал Ержанқызы Бекбергенова, облыстық Оқушылар сарайының тәжірибесі мол әдіскерлері мен педагогтары жүргізді. «Педагогикалық шеберлік» сараптау кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталды: 1 дәрежелі диплом Баянауыл ауданы Майқайын №2 ЖОМ-нің ағылшын тілі мұғалімі Ғалия Исмаилқызы Тугаринаға берілді. 2 дәрежелі диплом Баянауыл ауданы Майқайын №2 ЖОМ-нің мұғалімі Татьяна Юрьевна Ковальға берілді, Қашыр ауданы Осмерыжск негізгі орта мектебінің педагог-психологы Ирина Александровна Поппқа, және Лебяжі ауданы А. Баймульдин атындағы ЖОМ-нің химия және биология пәнінің мұғалімі Әлия Елемесқызы Кокишоваға берілді. 3 дәрежелі диплом Лебяжі ауданы Қазы ЖОМ-нің тарих және география пәнінің мұғалімі Мейіржан Махамбетүмбетұлы Жұпарбековқа, Лебяжі ауданы Шарбақты ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Сұлушаш Кайрлықызы Ракишеваға, Лебяжі ауданы Потанин ЖОМ-нің қазақ тілі мұғалімі Айжан Халыққызы Абдиюсуповаға берілді. «Эврика» конкурсының сараптау кеңес жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 дәрежелі диплом Лебяжі ауданы Потанин ЖОМ-нің тарих және география пәнінің мұғалімі Рымкеш Серікқызы Жусуповаға берілді. 2 дәрежелі диплом Лебяжі ауданы Лебяжі ЖОМ-нің орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Гульжамила Калиханқызы Омашеваға беріледі. 3 дәрежелі диплом Баянауыл ауданы Майқайын №2 ЖОМ-нің орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ирина Николаевна Цыгановаға, Май ауданы Көктөбе ауылының аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Айгуль Болатқызы Темиргалиноваға, Екібастұз қаласы Солнечный кентінің №16 ЖОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Галина Михайловна Приходькоға берілді. Мадақтау дипломдарымен Баянауыл ауданы Майқайын №2 ЖОМ-нің мұғалімі Бағлан Назымқызы Нұржановаға және Лебяжі ауданы А.Баймульдин атындағы ЖОМ-нің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалім Балиха Кұрмашқызы Байсебеноваға табысталады. 2014-2015 оқу жылының «Шығармашылық тандем» облыстық мега-жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 19 мамыр күні сағат 11.00-де өтеді. |