Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16411867
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5736 20398 63843 16078164 92545 460667 16411867 Сіздің IP: 3.145.50.123
Уақыт: 2025-02-07 13:09:34
|
«Жас Ұлан» жалауы астында
Павлодар облысында 2015 жылы 23 ақпан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы мен облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жас Ұлан» жалауымен» жалау топтарының облыстық байқау сайысы өтті. Бұл байқау сайысының мақсаты өз Отанының патриоттық –азаматтық қадыр-қасиеті бар жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы болып табылды. Бұл байқауда Ақтоғай, Лебяжі, Қашыр аудандарының жалау топтары және павлодар мектептерінің балалар мен жасөспірімдер ұйымдарынан, барлығы жүзге жуық балалар қатысты. Оқушылар сарайының алаңында жалау топтары саптағы адым, үйлесім және үйлестіру әрекеті, команданың орындау айқындығы, сонымен қатар «Жас Ұлан» РББЖҰ ҚБ тарихи мен дамуы туралы білімдерін көрсетті. Сарапшы топқа «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері, жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшілері, Павлодар қаласының дарынды балалар арналған мамандандырылған кадет мектеп-интернаты, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтері кірді. Байқау-сайысының қорытындысы бойынша №38 ЖОМ-нің командасы жеңіске жетті,бұл команданы сайысқа дайындаған АӘД пәнінің оқытушысы Ерғазин Төлеген Абылайханұлы және осы мектептің аға тәлімгері Рахматуллина Алма Баязитқызы болды. |