Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15726379
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11416 12744 98688 15337407 380742 367126 15726379 Сіздің IP: 3.143.237.54
Уақыт: 2024-12-22 20:10:17
|
«Мен өзімді әрқашан жауынгер ретінде сезінемін!»
14 сәуір күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Майдан жолы» іздеу отрядының командирі Александр Шитовпен кездесу өтті. «Мемориальная зона» республикалық іздеу отрядының командирі Майдан Көмекұлы Құсаиновтың атынан Астана қаласы Оқушылар сарайының әдіскері Людмила Ивановна Асееваға, іздеу жұмыстарын дамытқаны үшін «За заслуги в поисковых работах» атты құрмет белгісі және №205 куәлігі алғыс айтып табыстады. Педагогика еңбегінің ардагері, халық ағарту үздігі, Қазақстан мәдениетінің үздігі, ҮЕҰ «Балалар-жасөспірімдер қайырымдылық мектебі» - қоғамдық ұйымының жетекшісі, Людмила Ивановна Асеева – талант иесі. Ол «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» ұрпақтар байланысы мұражайының алғаш жетекшісі, биыл бұл мұражайға 30-жыл толып отыр. Жылдар бойы бұл мұражай өз келушілерін мұрағат материалдары және көне жәдігерлермен, қан-майданда елі үшін соғысқан, ер батырлардың тарихымен таныстырып келді. Л.И. Асееваның 2000 жылы Алматы қаласында өткен тұлғаның рухани-адамгершілік даму бойынша «Педагогика милосердия» атты ең үздік оқу материалдары бойынша республикалық конкурсында екінші орынға ие болды. Майдангердің қызы, Людмила Ивановна Асеева тарихқа ыстық ықыласпен қарайды. Көп жылдар бойы жүзден астам аяқталған іздеу істері бар Оқушылар сарайының Қызыл іззерттегіштер штабын басқарып келді. Қазіргі таңда да бұл жұмыспен айналысып келеді. Егде жасына қарамастан, 2011 жылы мамыр айында Ресей облысында Псков ауданы, Новосокольнический ауданында «Майдан жолы» атты павлодарлық іздеу экспедициясына қатысқан. Ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан Людмила Ивановна, дала шатырында тұрып, отрядтың жауынгерлеріне ас әзірлеп, қиындыққа төзіп шықты. Сонымен қатар өз оқырмандарын іздеу жұмыстарымен таныстыратын «Связные истории» атты кітабын жазды Людмила Ивановна Асеева – өз ісінің майталманы, Облыстық Оқушылар сарайы әскери атақ мұражайының бас қорғаушысы. Мұражайда өткізетін еліміз бен аймағымыздың тарихта таңбасын қалдырған, біздің жерлестеріміз туралы материалдар ерекшелігі баяндайтын экскурссиялары өскелең ұрпаққа көп көмегін тигізеді. - Мен өзімді өмірімнің ақырғы деміне дейін, отрядтың жауынгері ретінде сезінемін, - деді, кеуде белгісімен марапаттаған сәтте, Людмила Ивановна. - Командир, айтқан тапсырманыңызды орындауға әрқашан дайынбын! |