Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974706
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 776 5464 22239 15648833 116051 513018 15974706 Сіздің IP: 3.16.50.94
Уақыт: 2025-01-08 00:24:45
|
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінде қонақта
2015 жылдың 1 ақпан күні Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын тойлау қарсаңында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы мен Білім беру басқармасының бастамасымен «Вместе мы не одиноки!» атты акциясы өткізілді. № 11, 21, 22, 38 ЖОМ волонтерлік отряды өздерінің мөлтек аудандарында тұратын ҰОС ардагерлері, тылда жұмыс істеген адамдардың үйлеріне барды. Ардагерлер жасұландықтардың келгеніне мәз мейрам болып, оларға көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдірді. «Олар бізді тек қана Жеңіс күні ғана еске алмайтындарына өте қуаныштымын. Әрдайым көмегін аямайтын осындай оқушылар бар екеніне ризамын. Барлықтарына бейбітшілік және келісім өмір сүруді тілеймін», - тылда жұмыс істеген, қазақ киносының ардагері Макабаева Елена Ивановна өз пікірімен бөлісті. «Жас Ұлан» ББЖҰ белсенділеріне ҰОС ардагерлеріне және тылда жұмыс істеген адамдарға көмектесу өте ұнады. Балалар алдын-ала өз орындарында жәрмеңке, өлеңдер мен тақпақтар, азық-түлік қоржынын дайындады. № 22 ЖОМ волонтерлері Шайморданова Махмура Есханқызының пәтерін жинауға көмектесті. Ал № 11 ЖОМ белсенділері қазақ киносының ардагеріне шағын концерттік бағдарламасын дайындады. № 38 ЖОМ белсенділері ҰОС ардагері Попова Анна Ивановнаның ауласындағы қарды тазалап, суын кіргізіп және терезесін жуып берді. Қазіргі таңда ардагерлердің саны азайып бара жатыр, сондықтан біз оларды бағалауымыз керек, «тірі аңыздарымен» өткізілгені және істеген әркеттері туралы өскелең ұрпаққа үлгі ретінде көрсетуіміз керек. |