Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15726621
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
11658
12744
98930
15337407
380984
367126
15726621

Сіздің IP: 3.145.58.141
Уақыт: 2024-12-22 20:33:51

Сәлем шығармашылық тандем!

Да здравствует творческий тандем! Да здравствует творческий тандем!

27 наурыз  күні  Павлодар облыстық М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында  «Педагогтың  шығармашылық ынтымақтастығының акмеологиясы» атты мектеп сынып жетекшілерінің және әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің  облыстық семинары өтті. 

Да здравствует творческий тандем! Да здравствует творческий тандем!

С.Торайғыров атындағы  ПМУ–нің педагогика ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық-педагогикалық факультеттің доценті, деканның орынбасары С.К.Ксембаева  «Педагог пен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» атты баяндама жасады.

Кәсіби конкурстар мен фестивальдарда педагогтар мен оқушылардың шығармашылық серіктестігін ұсынған облыстық Оқушылар сарайының әдіскері, «Рауан» әдеби студиясының жетекшісі М.В.Юрченко «Конкурстарға қатысу – оқушы тұлғасының шығармашылық әлеуетінің даму механизімі ретінде» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Облыстық Оқушылар сарайының әдіскері А.К.Сыздықова «Менің жанұямның тарихы» атты облыстық бейнефильмдер тұсаукесерін педагогтерге өткізді.

Облыстық авторлық бағдарламалардың жеңімпаз ұстаздары да Л.В.Пыстина (Павлодар қаласы, №9 ЖОББМГ , «Васильеведение» арнайы курсы), Г.А. Корниенко (Екібастұз қаласы, №21 ЖОББМ, «Азаматтану» элективтік курсы), Н.В.Быкова (Ертіс №1ЖОББМ «Жас тілші» бағдарламасы) өз жұмыс тәжірибелерімен де бөлісті.

Сонымен қатар, қосымша білім беру және балаларды тәрбиелеудегі ең үздік педагогикалық идеялардың мазмұнын айқындау мақсатында ұйымдастырылған «Шығармашылық тандем» авторлық бағдарламалардың мега-жобасы конкурсының қортындысы шығарылды.

Бұл конкурсқа 52 өтініш түсіп, олардың 19-ы облыс педагогтерінен еді. Сараптау кеңесінің құрамына: С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің гуманитарлық – педагогикалық факультетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, декан орынбасары С.К.Ксембаева, еңбекпен қамту және балалар шығармашылық орталықтың оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары З.К.Довжанова және Оқушылар сарайының педагогтары мен әдіскерлері кірді.

Конкурс қортындысы бойынша авторлық бағдарламалар белгілі нысанға келтіріліп, банк құрылды, жеңімпаздар мен лауреаттар анықталды.

Түсініктемелер қосу