Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12853748
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8185
19617
32421
12623686
172201
375712
12853748

Сіздің IP: 18.189.2.122
Уақыт: 2024-04-24 17:07:33

«Психологиялық білім және жанұяның дамуы»

«Психологическое образование и развитие семьи» «Психологическое образование и развитие семьи»

17 наурыз күні  Павлодар  облыстық Оқушылар сарайының үлкен залында  «Психологиялық  білім  және  жанұяның дамуы» атты жаңа жоба бастау алды. Оған қала мектептерінен 300-ден астам мұғалім,қосымша білім беру педагогтері, мектеп психологтары қатысты.

Бұл жоба мектеп психологтары, педагогтері, оқушылар мен олардың ата-аналарының доктор Россинскийдің психотерапия және психологиялық қолдау Медициналық орталығымен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне бағытталған және он ай бойы жұмысын жалғастырады. Жобаға шамамен 2 мыңдай адам қатыстырылады деп күтілуде.

Бұл жоба шеңберінде «Ата-ана мектебі», «Педагог-психологтардың кәсіби жеке тұлғасіның өсу клубы» және «Балалар»клубы жұмыс істейді.

«Психологическое образование и развитие семьи» «Психологическое образование и развитие семьи»

Бұл орталықтың басшысы, Юрий Александрович Россинский, атақты врач-психотерапевт, медициналық психолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Орталық Азия бойынша БҰҰ білім беру бағдарламаларының кеңесші-жаттықтырушысы, психологиялық ғылымдардың халықаралық академиясының корреспондент мүшесі.

Жоғары білікті, халықаралық ұйымдарда  мол практикалық жұмыс тәжірибесі бар орталықтың мамандары мектеп психологтары мен ата-аналарды ай сайын тегін оқыту қарастырылған. Бірінші кездесуде-ақ қатысушылар олармен танысып, сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

«Психологическое образование и развитие семьи» «Психологическое образование и развитие семьи»

Бұлар мол тәжірибелі бала  психологтары Лариса Федосовна Зуева және Инна Владимировна Косыгина; Түрлі деңгейдегі тәуелділіктердің алдын алу және емдеу бойынша маман Қамал Мағжанұлы Қайдаров; эриксондық  гипнозбен емдеу және нейро-лингвистиканы бағдарламалау бойынша  маманы Станислав Иванович Павленко; Хеллингер бойынша орналастыру техникасын меңгерген, ерлі-зайыптылар ара қатынасы саласының маманы Фёдор Олегович Лебедев.

Мамандар шешуге көмектесетін мәселелер психология, психотерапия, психосоматика және неврология салаларына қатысты: диагностика, қолдау және сүйемелдеу, баланы дамыту және тәртібін түзету, отбасылық қарым-қатынастарды жөндеу, қорқыныш, бастан кетпейтін ой, үрей, көңіл-күйдің бұзылуын емдеу, тәуелді жағдай, өмірлік күйзеліс, жеке бас мәселесін талдау, күрделі соматикалық және неврологиялық аурулардың диагностикасы.

Семинарлар мен шеберлік сабақтардың өткізілу уақыты білім беру басқармасы және Оқушылар сарайының сайтында хабарланады.

Сонымен бірге, Оқушылар сарайының Бектұров к-сі, 14 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратында балалар, мұғалімдер, ата-аналарға  дербес кеңестер беруге арналған кабинет жұмыс істей бастады, ол келесідей кесте бойынша жұмыс істейді:
Дүйсенбіден жұмаға дейін: 10.00-17.00
Сенбі, жексенбі: 10.00- 14.00

 

Түсініктемелер қосу