Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17964610
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6291 13708 68886 17679126 76048 340041 17964610 Сіздің IP: 216.73.216.193
Уақыт: 2025-06-07 10:17:38
|
Он саусағынан өнер тамған балалар
25 ақпан күні М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында «Әлеуметтену мен шығармашылықтан – өмірлік және кәсіби жолды анықтауға бетбұрыс» тақырыбы бойынша техникалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтеріне және технология пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинар тақырыбы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Жүнісова Айгүл Райымбекқызы сөз сөйледі. «Оқушылардың зерттеу дағдысын дамыту бойынша педагогтің жұмыс жүйесі» бойынша баяндамасын Павлодар қаласының №41 ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Сафронова Валентина Антоновна дайындады. Павлодар қ,№9 ЖОББМГ технология пәнінің мұғалімі Қажикатов Жүніс Иманбайұлы, оқушылардың техникалық шығармашылық саласындағы құрылымдау және үлгілеудің маңызы туралы айтып берді. Павлодар қ., №30 ЖОББМ педагог - ұйымдастырушысы Жетпісова Қарлығаш Қалимоллақызы, «Қиын» бала және оның өмірлік тағдырын анықтау» тақырыбы бойынша баяндамасымен сөз сөйледі. Тыңдаушылар келесі тәжірибелі педагогтардың шебер-сыныптарына қатысты: «Қағазды өндеу технологиясы және осы материалдан үлгілерді жасаудың ерекшелігі», (Бектоғаева Гүлнар Сыздықбекқызы, Оқушылар сарайының бастапқы техникалық үлгілеу үйірмесінің жетекшісі); «Қазақ ұлттық үй керек-жарақтарын жасау технологиясы» (Павлодар қаласы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы ЖББ мектеп-интернатының технология пәнінің мұғалімі Асанов Қанат Қайроллаұлы); «Қаңылтырды өндеу технологиясы және одан үлгілерді дайындаудың ерекшелігі» (Вазиянов Евгений Владимирович, Оқушылар сарайының жалпытехникалық үлгілеу үйірмесінің жетекшісі); «Мектеп жағдайында күркетауықтарды және басқа да қауырсындыларды өсіру», (Қайрбеков Құдайберген Әубәкірұлы Лебяжье ауданы, Жамбыл ЖБОМ технология мұғалімі). Семинарға қатысушылар шебер-сыныптар аяқталған соң Оқушылар сарайының планетариясына барып шықты. Барлық қатысушылар сертификаттармен табысталды. |