Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24588901
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13799 20795 62215 24318214 372821 527623 24588901 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 20:19:37
|
Мектеппен ынтымақтастықта
22 қаңтарда Павлодар облыстық Оқушылар сарайында мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларына және сынып жетекшілеріне арналған «Қосымша білім беру ұйымдары және жалпы білім беру мектептерінің шығармашылық ынтымақтастықта сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілген болатын.
С. Торайғыров атындағы ПМУ аға оқытушысы Жомартова А. Д., әдістемелік бөлімінің менгерушісі Мельник Л.В. баяндама оқыды. №43 ЖББОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шакенова Б.М. және № 35 ЖББОМ сынып жетекшісі Қайдарова С. Е. жұмыс тәжірибесімен алмасты. Педагогикалық еңбектің ардагері, «Аталар – ардагерлер, немерелер - іззертегіштер» атты Сарай мұражайының бірінші жетекшісі Асеева Л. И. мұражай жұмысы және іздестіру қызметінің ерекшеліктері туралы баяндап берді. Хабар-ошарсыз кеткен жауынгердің 30 жылға ізденіс жұмыстары созылып және аяқталған тұсаукесері ерекше әсерлі болды, оның туысқандарына уақыты және жерленген орны көрсетілген құжаттар табысталды. Семинар шеңберінде Оқушылар сарайының педагогтары 9 шеберлік сабақ берді. Семинарға қатысушылар Оқушылар сарайының планетарийында болды. Семинарға барлық қатысушылардың жалпы саны – 12 аудан мен қаладан 127. Оларға сертификаттар табыс етілді. |














