Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15728628
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13665 12744 100937 15337407 382991 367126 15728628 Сіздің IP: 3.149.240.101
Уақыт: 2024-12-22 22:30:39
|
Ол өз елінің батыры болған
Биыл 2015 жыл – мерей той, еліміз Ұлы Отан соғысының 70-жылдығы тойланады. Осы жыл біздің облыста Ардагер жылы болып жарияланды. Ал қаңтар айында біздің атақты жерлесіміздің Совет Одағының батыры Қайырбаев Махметтің 90 жылдығы тойланады. Мәңгілік шырақ алаңындағы Батырлар даңқында оның бюсті тұр, оның есімімен көшелер аталған. Павлодар қаласының 29 қараша көшесі нөмер 14 үй оның суретімен сынтас тақтайша орнатылған. 15 қаңтар күні Кеңес Одағының батыры Қайырбаев Махметке арналған М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Ол өз елінің батыр болған» атты батыр сабағы өткізілді. «Рауан» әбедиет студиясының тәрбиеленушілері өздерінің жетекшісін Юрченко Марина Владимировнаны құлақ салып тыңдады, Кайырбаев Махмет өмірдегі ерлегін презентация арқылы әңгімеледі. Кайырбаев Махмет 12 жаста болған оның әкесін қажылық отбасында тәрбиеленгені үшін, 1984 жылы Меккеге қажылық жасағаны үшін ату жасасына кесілді. Оған «дұшпанның ұлы» деген даққа өмір сүру қиын болды. Ол өзінің әкесінің кінәсіз екенін біліп, шешесіне сүйеу болды. Махмет Семей педагогикалық институтына филология факультетіне оқуға түсіп, бірақ соғыс кезінде оған оқуын тастау керек болды. 17 жасында ол Подольск артиллерия училищесіне түсіп, одан кейін майданға аттанды. Тәртіпті, бұрынғы ауылдық мұғалім, соғыста офицер-артеллирист болған, үш рет жараланған және жынданған, 20 жасқа толмаған кезінде Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атаққа ие болған. Үйірме жетекшілері экономикадағы үлкен өзгерістері жайлы, оның біздің облыста атқарған істері жайлы рефераттар дайындалған. Кеңес Одағы кезінде глинозем шығарудан ең ірі алюминий заводы, жылына 50 тракторлар шығарылған, электржелілер құрылып, кеңейтілген, мұнайөңдеуші заводы эксплуатацияға енгізілген, ферроқорытпа, химиялық, кағаз-рубериодтық және т.б. заводтардың қуаттары кеңейтілген. Павлодар облысы құрылыс көлемі бойынша сол кезде КСРО –ның бірінші ондығына және республика бойынша бірінші үштілікке енген. Павлодарда тек қана мектептер, балабақшалар, клубтар мен үйлер ғана емес, сонымен қатар тракторқұрылыстар, пионерлер мен оқушылар сарайлары, екі үлкен аурухана, теміржол сапаржайы қазіргі ғимараты, ауыр самолеттерды қабылдау үшін әуежайлар кеңейтілген, жол шаруашылығын кеңейту және теміржолдар түйіншіктерінің жөңдеу базасы бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Ал павлодар аграры бүкіл тарих бойынша ауыл шаруашылығы жоғары көлемді көптеген жетістіктерге жетті. Соғыстан кейінгі қиын кезеңіндегі халық шаруашылығы қалпына келуі, Павлодар-Екібастұз өндірістік-территориялық кешенінің дамуы осының Кайырбаев Махметтің өмірі мен жұмысы байланысты болды. Махмет Кайырбайұлы зейнеткер кезінде Мәскеуге әскери мұрағатқа, Литваға өзінің бірге әскерде міндет атқарған досымен кездесуге барғаны жайлы оқушыларға мәлімет берілді. Ол 70 жасында қайтыс болған. Павлодарлықтар біздің жерлесіміздің батырлығын мақтан ету керек. |