Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16424469
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3383 14955 76445 16078164 105147 460667 16424469 Сіздің IP: 3.140.208.203
Уақыт: 2025-02-08 12:21:54
|
«Жылдың таңы» атты әдеби қонақ жайы
9 қаңтарда Павлодар облыстық Оқушылар сарайында қала мектептерінің оқушылары үшін «Жылдың таңы»атты әдеби қонақ жайы өткізілген болатын.Балалар (оның ішінде денсаулығында мүмкіндіктері шектеулі балалар) мәнерлеп өлең оқыды, жаңа жыл және Рождество туралы қызықты деректерді әңгімеледі,жаңажылдық дәстүрлер туралы сөз етті,жаңажылдық анекдоттар айтты, «Қысқы ауланың жұмбақтарын»ешкі,қой туралы жұмбақтарды шешті, жаңа жыл туралы халық ырым-жоралғыларды атады. Келген жаңа жыл Ешкі немесе Қой жылы болғандықтан,балалар осы жануарлар туралы әдеби шығармаларды естеріне түсірді:Крыловтың «Қасқыр және лақ»және «Квартет»мысалдарын жатқа оқыды. Оқушылар «Козьи козни»атты викторина сұрақтарына жауап қайтарды.Сонымен қатар олар «Ақындар қыс туралы» әдеби викторинаға және «Мұзды», «Қарлы» және «Қылқанжапырақты»викториналарға қатысты.Оларды көңілді жаңажылдық конкурстар,ойындар және бал ашу да қызықтырды. Балалар сыйлықтарға және өздері берген дұрыс жауап тарына риза болды. Өздерінің авторлық шығармаларын балалардың педагогтері – балалар баспасөз орталығының жетекшісі Е. В. Вайберт және «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі Марина Владимировна Юрченко оқыды. Қонақ жай Дейл Карнегидің «Жаңа жылда қалай бақытты болуға болады»атты кеңесімен және Пифагордың «Бақытқа қол жетем деп ойлама: ол үнемі сенің жанында» деген данышпан сөзімен аяқталды. Финалда жүргізуші - Марина Владимировна Юрченко қонақтарға тәттілер мен естелік дипломдарды үлестірді. |