Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15726757
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11794 12744 99066 15337407 381120 367126 15726757 Сіздің IP: 18.118.126.69
Уақыт: 2024-12-22 20:47:07
|
«ДЕДЫ-ВЕТЕРАНЫ, ВНУКИ - СЛЕДОПЫТЫ» АТТЫ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ КЕШЕГІ, БҮГІНГІ, ЕРТЕНГІ КҮНІ
Кеңес Одағының батыры М.М.Катаев атындағы «Деды-ветераны, внуки-следопыты» 30жыл бұрын ашылған «В.М. Дьяченко атындағы Қызыл Следопыттар Отрядтары» 2015 жылы 8 мамырда болады. Оқушылар сарайының басшылығы бастамасымен өткізілген қайта құрғаннан кейін жаңартылған мұражай үшін бұл атаулы күн. Мұражайдың атауында оның қызмет көрсету саласы,Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл қызметкерлерінің балалық шағы мен жастық шағы соғыс жылдарына келген ұрпақ сабақтастығын жүзеге асыру мақсаты мен міндеттері,олардың соғыстан кейінгі балалармен байланысы: ізші немерелермен, әскери даңқ барлаушыларымен, іздеушілерімен көрсетілген. Бұл байланыс еліміздің өз уақыты мен мақсатына сай және оның алға жылжуына қарай жұмыстың жаңа мазмұнымен үнемі жалғасын табу қажет. 1985 жылы мұражайдың ашылуына В.М. Дьяченкомен басталған және Қазақ КСР халық ағарту үздігі, «Красные следопыты»штабтық іздеу отрядының жетекшісі Людмила Ивановна Асеевамен жалғастырылған үлкен тынымсыз еңбектеніп жүргізілген іздеу жұмысы осыдан бұрын болды.Бұл оңай емес жұмыс ардагер-аталардан Павлодар қаласы және Павлодар облсы мектептерінің,техникумдарының,колледждерінің іздеуші-немерелеріне сабақтастастықтың, Есте сақтау мен ерлікке тағзым ету эстафетасы болды. Мұражайдың бірінші жетекшісін 1997 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, 2010 жылы еңбегі сіңген демалысқа кеткен,педагог Даметкен Байхановна Кабулова ауыстырды.Оның басшылығымен мұражай біздің облыста әскери-патриоттық жұмысының орталығы болып жалғасын тапты.Қазіргі уақытта осы жұмыс бағытын Асем Кабдуллаевна Сыздыкова жетекшілік етеді. Мұражайда қойылған барлық іздеу материалдары В.М. Дьяченко атындағы қызыл ізшілер жасағымен көпжылдық ауыр еңбегі арқылы табылған және Ұлы Жеңіске арналған мектеп мұражайларының облыстық және Республикалық байқау-конкурстарға белсенді қатысатын мұражайдың жас экскурсия жүргізушілері-іздеушілерімен насихатталған. «Красные следопыты» отряды көптеген істерді тындырған. Отряд мүшелерінің ізденіс жұмысының нәтижесінде Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кеткен 400-ден астам жауынгерлердің іздері табылып, «Естелік кітабына» соғыс ардагерлерінің жазулары енгізілген. «Красные следопыты» отряды атынан «Родное Приртышье», «Герои не по Указу», «Деды-ветераны, внуки-следопыты», «Где же вы теперь, друзья- однополчане?», «Эвакогоспиталь №2448», «Десант-43», «Без вести не пропал», «Страницы Биографии Подвига», «Герои Советского атты Ұлы Отан соғысының кішігерім жылнамасы шықты. Барлық байқауларда «Красные следопыты» отряды әрқашан жоғары жетістіктерге жетіп, сый-марапаттарға ие болған: «Пионерская правда» газетінің вымпелы, Кеңес соғыс ардагерлері комитетінің белгілері, 3-ші және 5-нші Ауе-Десанттық Бригадалары Марапттау парақтары, Ауе-Десанттық Бригада Құрмет Жалауы, Ұлы Жеңіс 40 жылдығының Естелік Жалауы (Украина, Черкассы қ.). Қиын жылдары іздеу жұмыстарына тыйым салғанына қарамастан Оқушылар сарайының әр қызметкері Ұлы Отан соғыс ардагерлері туралы естеліктерді сақтау жұмысына өз үлесін қосып, көп жылдары құпия болған материалдарына қол жеткізіп, ауқатты жұмыстарды жүргізген. Осының нәтижесі жас өспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алады. Барлық жұмыстар оқушылар соғыс ардагерлермен тығыз байланыста, бірегей жүргізген. Көп жылдары қалыптасқан, өзінің жеке тарихына ие болған «Деды-ветераны, внуки-следопыты» мұражай ұжымы мен мүшелерінің жұмысы патриоттыққа тәрбиелеу ісіне өз үлесін қосып, Естелік эстафетасын жалғастырып жатыр. |