Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15725887
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
10924
12744
98196
15337407
380250
367126
15725887

Сіздің IP: 3.142.212.225
Уақыт: 2024-12-22 19:23:30

«Тарих толқынында» интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры

«Тарих толқынында» интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры «Тарих толқынында» интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсанында Оқушылар сарайының кіші залында «Тарих толқынында» атты облыстық интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры өтті. Бұл тартымды жарыстың мақсаттары: қала және облыс мектептері оқушыларының патриоттық сезімі мен белсенді өмірлік көзқарасын қалыптастыру, балалардың интеллектуалдық әлеуетін жүзеге асыру, ғылыми білімді насихаттау және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту, дарынды және талантты балаларды айқындау болып табылады.

 

Іріктеу турында оқушылар тұлғасын өзін-өзі тануына және өздігінен іске асыруына, бір-бірімен дұрыс бәсекелестікті дамытуына барлық жағдайлар жасалды. Кенжекөл ЖББОМ-ның, № №20, 10, 8 лицей-мектептерінің, К. Макпалеев атындағы № 4 ЖББОМ-ның және № № 34, 22, 29 мектептерінің оқушылары өзара жарысқа түсті.

«Тарих толқынында» интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры «Тарих толқынында» интеллектуалдық конкурсының іріктеу туры

Қорытындасында конкурстың барлық қатысушылары өз таланттарын,интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін көрсете білді. Бірақ, қатысушылар жинаған ұпайларды санай отырып, тек қана екі команда финалға шықты: «Тұлпар» (№ 10 лицей-мектебінен) және «Елдің көшбасшылары» (№ 29 ЖББОМ-нен), бұл командалардың мүшелері білімдар екенін дәлелдеді.

Балалардың интеллектуалдық және танымдық мүмкіншіліктерін дамуына конкурстың ықпалы зор болды.

Түсініктемелер қосу