Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974448
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 518 5464 21981 15648833 115793 513018 15974448 Сіздің IP: 3.147.56.125
Уақыт: 2025-01-08 00:18:21
|
«Жас Ұлан» - біздің еліміздің болашағы!
2014 жылғы 28 қараша күні М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнінің және Тәуелсіздіктің 23-жылдығының қарсанында «Жас Ұлан» «Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына салтанатты қабылдау болды. Бұл күні «Жас Ұлан» «Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарынан балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің 50 көшбасшысы қабылданды. «Елiн сүйген, елi сүйген Елбасы!» іс-шараның ең жарқын сәті «Ұрпақтар эстафетасы»болды.
Кеңес үкіметі заманының пионерлері, 90-жылдардағы тәлімгерлер «Мәңгілік Кейс» жас ұрпақ жасұланшыларға «Мәңгілік Кейс» табыс етті. Мерекенің құрметті қонақтарының қатарында педагогикалық еңбектің ардагерлері Л. И. Асеева, В. С. Шатун, Т. С. Глубокова, В. С. Шакиримова, Н. И. Фирсова және т.б., «Жас Отан»жастар қанатының павлодарлық филиалының хатшысы Д. Д. Айтышев, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы А. С. Кусаинова, білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы А. А. Садыкова және ҚР Президентінің сыныптасы Б. А. Мустафаев. Одан кейін елу бала «болашаққа зымыранмен аттанды».Іс-шара Оқушылар сарайының ең үздік көркемдік ұжымдары дайындаған мерекелік концертпен аяқталды. |